• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:47:04
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 Оқиғалар

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас» кен орнындағы өртке байланысты әлеуметтік желіде пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Үкіметке «Қаламқас» кен орнындағы өртті тоқтатып, төтенше жағдайды қалыпқа келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл мәселе менің бақылауымда», - деп жазды Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында. 

Еске салып өтейік, 

2019 жылғы 13 наурызда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты Қаламқас кен орнының күрделі учаскесінде ұңғыманың құрылысы барысында кен орнының орталық бөлігіне тән техногендік сипаттағы газ-су аралас табиғи бұрқағы шыққан. Наурыздың 13-24 күндері мамандар күрделендірілген бұрғылау ерітіндісімен ұңғыманы жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ грифондарды жою үшін жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізді.

2019 жылғы 25 наурызда сағат 05:46-да 8232 ұңғыманың аумағында 16 наурызда жер бетіне шыққан газ-су қоспасының ошағы жана бастады. «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС жауынгерлік тобының шақырылған орынға келу уақыты 05 сағат 58 минут. Құрбан болған және зардап шеккендер жоқ.

2019 жылғы 25 наурызда сағат 14:30-ға қарай өртті ауыздықтау үшін қосымша Ақтау қаласының МӨҚҚ 6 өрт сөндіру тобы келіп жетті: 4 автоцистерна, 1 жылжымалы сорғы стансасы, 1 газ-су сөндіруші автомобиль.

Қазіргі уақытта өрт шыққан жерде Маңғыстау облысының ТЖД, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС және «Файр протекшн ЛТД» ЖШС жеке құрамының 53 адамы және өрт сөндіру техникасының 12 бірлігі жұмылдырылған.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір