• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:07:09
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 Саяхат

Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазбақшы

Тағы да қайталамақпын: Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сіздің көмекшіңіз болдым, көмекшіңіз болып қала  берем және барлық уақытта да Сіздің көмекшіңіз боламын

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазу ниеті бар екенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Нұрсұлтан Әбішұлы - ұлы адам. Ол жайында «Елбасы көмекші көзімен» деп аталатын кітап жазамын. Ол «жабық» беттері бар кітап қызықты болады», - деді ҚР ҰҚК төрағасы.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінде еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Кәрім Қажымқанұлы 2003-2006 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары болған еді. Сонымен қатар ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет ел Үкіметін басқарды. ҚР Президенті Әкімшілігіне жетекшілік етті.

Ол бірнеше мәрте өзін Президенттің көмекшісі деп атаған болатын.

«2007 жылы қаңтарда, Нұрсұлтан Әбішұлы, мені алғаш рет премьер-министр етіп тағайындадыңыз. Сол кезде қандай қызметте болсам да, сіздің адал көмекшіңіз боламын деп уәде берген едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін қайта айтқым келіп тұр: мен әлі де сіздің көмекшіңізбін, әлі де шәкіртіңізбін. Қазақстанды дамыту бойынша үлкен істерді жүзеге асыруға менің де қатысуыма мүмкіндік бергеніңізбен мақтанамын», - деген еді Кәрім Мәсімов 2011 жылы.

2014 жылдың 2 сәуірінде қайта Премьер-Министр болған Кәрім Мәсімов Елбасының көмекшісі екендігін тағы да айтқан еді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз 2007 жылы менің кандидатурамды ұсынған кезде мұны алғаш рет айтқан едім. Бұл жолы тағы да қайталамақпын: Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сіздің көмекшіңіз болдым, көмекшіңіз болып қала  берем және барлық уақытта да Сіздің көмекшіңіз боламын», - деген болатын К.Мәсімов.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір