• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:21:58
Алматы
+35°

Бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев Елбасы Нұсрұлтан Назарбаевқа алғыс айта отырып, өз ұсыныстарын айтты. Солардың алғашқысы Астана қаласы мен Қазақстанның орталық көшелерінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев етіп өзгерту, Назарбаевтың портреттерін орнында қалдыру, тұңғыш президенттің құрметіне ескерткіш құру.

♦Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін қабылдап алды

Президенттің ұсыныстарына байланысты депутаттар пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенетінін айтқан Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Нұрсұлтан Назарбаевты қимайтынын да айтып қалды. 

♦"Қазақстанның бас қаласының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгеруі керек"

"Шынымды айтсам, мен өзімді қазірдің өзінде Нұрсұлтан қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүргем. Шығармашалық адамымыз ғой, қимастық сезімі бар. Алайда Тоқаев өзінің тұлғасын айқындаған, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қызмет атқарған адам екені бәрімізге аян.. Уәдесіне берік боларына сенімдімін", - деді Бекболат Тілеухан.

♦Гүлжан Қарағұсова Назарбаевтың отставкасы туралы: Болатыны болды...

Айта кетейік, 19 наурызда сағат 19:00-де Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтататыны туралы үндеу жариялаған. Өзінің өкілеттігін Елбасы Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір