• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:25:54
+35°

20 Наурыз, 2019 Саясат

Ғаламдық бастамалар: Назарбаев әлем мойындаған ұлы қайраткер ретінде тарихта қалады

Қазақстан Президенті Назарбаевтың бастамалары қашанда өміршең болып қала бермек.

Президент Нұрсұлтан  Назарбаев президенттік қызметінен кетті. Бірақ  тәуелсіз Қазақстанның тарихында ол әлемдегі ұлы тұлғалардың бірі болып қала береді. Қазақстанды соғыссыз,  бейбітшілік ел ретінде аман алып шыққаны үшін, тұрақтылықты қамтамасыз еткені үшін Елбасына елдің алғысы шексіз. Бұл сөзсіз мойындалатын факт. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Сондықтан да біз...

Біріншіден, Ешқашан да Назарбаевқа немқұрайлы қарай алмаймыз.  

Екіншіден,  ол ел елдің алдында басын иіп, өз еркімен қызметінен кетті.

Үшіншіден,  бұл қадірлеуге, қастерлеуге тұрарлық қадам.

Төртіншіден, ол қазақ деген халықтың, Қазақстан деген мемлекеттің барын бүкіл әлемге мойындатып кетті.

 Бесіншіден,  Назарбаев Қазақстанды татулық пен тұрақтылық мекеніне айналдырды.

 Алтыншыдан, ел ішінде дүрдараздық, ұлтаралық қақтығыс болған жоқ.

Жетіншіден, әлемнің алпауыт елдері Назарбаев кепілдік берген тұрақты елге орасан зор инвестиция салды.

Сегізіншіден,  Елбасының «алдымен экономика, сосын саясат» ұстанымы өзінің өміршеңдігін көрсетті.

Тоғызыншыдан,  ол әлем елдері үшін, тіпті Ресей саясаткерлері үшін ешкім күтпеген қадамға барды.

Оныншыдан, ол Сарыарқа төсіне қазақтың Астанасын салған саңлақ саясаткер.

Он біріншіден, Назарбаевтың бүкіл әлемдік бастамалары орындалса, ғаламда Қазақстандағыдай тұрақтылық орнар еді. Мұны әлем енді түсіне бастайды.

Он екіншіден,  енді әлем мойындаған ұлы қайраткер ретінде Назарбаев идеяларын зерттеу басталады.

Тәуелсіздіктің алғашқы  күнінен бастап Президент Назарбаев әлемдік бастамалардың қуатты жақтаушысы және негізін қалаушы болды.
1992 жылы Қазақстан Президенті Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөнінде кеңесті (АӨСШК) шақыру бойынша бастамасын, сонымен қатар әскери бюджеттен алынатын қаражаттардың 1 пайызын аудару арқылы қалыптаса алатын БҰҰ бітімгерлік қоры туралы идеясын ұсынды. Сонымен, Елбасы ұсынған ғаламдық бастамаларға тағы бір назар аударайық.
Бірінші. 1994 жылы мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру бастамасын ұсынды; 
Екінші.1999 жылы - «Шанхай бестігі» қызметін жалғастыру ұсынысы;

Үшінші. 2000 жылы - Еуразиялық экономикалық қоғамның жобасы; 
Төртінші. 2001 жылы - әлемдік және ұлттық діндер көшбасшыларының құрылтай идея-сы; 
Бесінші. 2002 жылы - әлемдік экологиялық мәселелердің тізілімін құруды ұсыну; 
Алтыншы. 2003 жылы - БЭК құру туралы және ЕЫҚҰ-да Қазақстанның төрағалығы туралы бастамалары; 
Жетінші. 2004 жылы - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін кеңейту туралы және БҰҰ Бас хатшысы жанында аймақтық ұйымдардың кеңесін құру туралы ұсыныс; 
Сегізінші. 2008 жылы - БҰҰ деңгейінде ядролық сынауларға қарсы Халықаралық күнді ұйымдастыру идеясы; 
Тоғызыншы. 2009 жылы - Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу ұсынысы; 
Оныншы. 2010 жылы - Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігі туралы бастамасы.
Он бірінші. ЕҚЫҰ және АӨСШК арасында өзара әрекеті туралы ұсыныс. 
Он екінші. Қазақстан Президенті ұсынған G-GLOBAL жобасы G-8 және G-20 баламасы емес, ал ақпараттық-коммуникативтік алаңы ретінде жүзеге асатын ғаламдық сұхбаттың қосымша құралына айналды. 
Он үшінші. 2012 жылы халықаралық қоғамы Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөнінде кеңесті құру туралы Президент Н.Назарбаев ірі бастамасының 20 жылдығы атап өтілді. Бұл бастаманы Президент 1992 жылы БҰҰ мінберінен ұсынған.
Он төртінші. 2012 жылы тамызда Кембридж университетінде студенттер және оқытушылармен кездесуінде сөз сөйлеген мемлекет басшысы халықаралық экономи-калық саясатты және ғаламдық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуді құрастыру мақсатында G - 20 механизміне қосымша ретінде G-GLOBAL елдерінің тобын құру ұсынысы туралы айтқаны белгілі. Бүгінгі күні G-GLOBAL - бұл «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы құрған, Астаналық экономикалық форумы жанында халықаралық виртуалдық алаңына айналды. 

Он бесінші. G-GLOBAL - бұл әлемді реформалау және әділ, қауіпсіз әлемдік тәртіпті құруға мүдделі барлық елдер, барлық интернет-кеңістік аймақтары, әлемдік желінің миллиондаған пайдаланушыларына бағдарланған, ақпараттық дәуірдің өркениетті идеясы. G-GLOBAL бойынша Н.Назарбаев бастамасының мәні - әділ және қауіпсіз әлем құрылғысын құру ісінде барлық күштерді біріктіру. G-GLOBAL -бұл қауіпсіз және ХХІ ғасырда дамып келе жатқан әлемнің бес қиыстырушысы.

Он алтыншы. G-GLOBAL - бұл әлемнің даму жолдарын ғаламдық іздеуге қосқан Қазақстанның, атап айтқанда, Назарбаевтың үлесі. 

Он жетінші. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің идеялары негізінде Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесі мен Түркі академиясының құрылды.
Әлемдік басқосуларда өзінің тың бастамаларымен  және халықаралық қоғамда өзінің өзектілігімен ерекшеленетін Қазақстан Президентінің қай ұсынысы болсын, назар аударуға тұрарлық. Бір ғана мысал, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-мерейтойлық сессиясында да Нұрсұлтан Назарбаев тағы да ғаламдық бастамаларды көтерді. Сонымен...
Бірінші ұсыныс. БҰҰ 100 жылдығына орай ғаламдық стратегиялық бастамалар - 2045 жоспары; 
Екінші ұсыныс. Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар. Әлемдік валюта құру; 
Үшінші ұсыныс. Антиядролық қозғалыс;
Төртінші ұсыныс. 2016 жылы БҰҰ Халықаралық конференциясын жоғары деңгейде атап өту. Санкцияларды болдырмау; 
Бесінші ұсыныс. Терроризм мен экстремизмге қарсы бірыңғай әлемдік желі құру. 
Алтыншы ұсыныс. «ЭКСПО - 2017» көрмесіне шақыру; 
Жетінші ұсыныс. «Жаңа Болашақ» концепциясын құру. Адамзат дамуының жаңа кезеңі; 
Сегізінші ұсыныс. БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру;
Ұлт Көшбасшысының БҰҰ-ның штаб-пәтерін АҚШ-тан Азияға көшіру жөніндегі бастамасы да үлкен тарихи халықаралық тарихи мәні бар ұсыныс. Бұл бастамасын Елбасы былайша түсіндірді:
«70 жыл бұрын Женевада, жұмыс істеуден қалған ұлттар лигасының орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штаб-пәтерін Нью-Йоркте орна-ластыруға шешім қабылданған еді. Бұл сол кезеңде халықаралық қатынастар бойынша Батыс Жарты шарының рөлі артқандығына байланысты болды. Әлемді дамыту орталығы кәрі құрлықтан жаңа құрлыққа, Еуропадан жаһандық өрлеудің жаңа орны - АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты. Содан бері көп нәрсе өзгерді, әлем басқаша қалыптасты» деді ол.
Міне, әлемдік саясатта өз орны бар Қазақстан Президентінің бастамаларының қайсы бірін алып қарасаңыз да, ғаламдағы болып жатқан күрделі әлеуметтік, саяси-экономикалық құбылыстарға алаңдаушылық жатыр. Сондықтан Қазақстан Президенті Назарбаевтың бастамалары қашанда өміршең болып қала бермек.

Қысқасы, Нұрсұлтан Назарбаев - бүкіләлемдік деңгейге көтерілген, өзге мемлекет басшылары мойындаған, саңлақ саясаткер, ірі қайраткер ретінде тарихта қалады. 

 

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір