• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:37:45
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Әлем

Нидерландта теракт: Түрік азаматы трамвайға оқ жаудырған (фото, видео)

Трамвайдан жараланған әйел атып шықты, кеудесі, қолы, киімі қанға боялған, құлап түсті.

Нидерландтағы Утрехт қаласында жолда кетіп бара жатқан трамвайға белгісіз біреу оқ атқан. Оқиға 18 наурызда болды. AFP француздық басылымының мәліметінше, бірнеше адам жараланды, бір адам қайтыс болды.

Оқ атқан адам оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Алайда көп ұзамай қылмыскер ұсталды. Анықталғандай жолаушыларға оқ атқан 37 жастағы Түркия тумасы – Гекман Танис. Бұл туралы журналистерге жергілікті полиция басшысы Роб ван Брее хабарлаған. Гекман Танистің қай жерде тұтқындалғаны әзірге белгісіз.

Нидерланд теракт

Оқ жергілікті уақытпен санағанда 10:45-те қаланың оңтүстігіндегі 24oktoberplein аялдамасында атылған. Полиция оқиғаны «теракт болуы мүмкін» деп болжап отыр, алайда ресми дерек нақтыланбады.

Utrecht Internet Courant (DUIC) басылымы оқиға орнына видео жариялады.

«Қандай да бір себебі болды ма, білмедім. Жараланған бірнеше адамды көрдім, трамвайдың ішінде де, сыртында да...», - деді куәгердің бірі.

Келесі бір куәгердің айтқаны  NOS арнасы жариялады: «Трамвайдан жараланған әйел атып шықты, кеудесі, қолы, киімі қанға боялған, құлап түсті. Мен оны көлігіме әкеліп, көмектеспек болдым. Полиция келгенде, ес-түссіз жатқан».

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жүргізіліп жатыр. Мектептердің есігі жабылып, адамдарға көшеге шықпауға кеңес берілді.

Қылмыскер туралы...

Утрехт қаласының құқық қорғау органы Твиттерде шабуыл жасаған адамның суретін жариялады.

Гекман

Ол бұдан бұрын да бірнеше мәрте ұсталған көрінеді. Жергілікті бизнесмен Би-би -си тілшісіне Гекманның ИГИЛ террористік ұйымына қатысы болғандығын айтты. Сол үшін полиция оны ұстап, көп ұзамай босатып жіберген.

Дайындаған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір