• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:16:34
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2019

Гаухар Нұртас — The World’s Best-тегі жалғыз қазақ эксперті

Иә. Мен Кореядан келген қатысушылардың өнеріне тәнті болдым.

"The World’s Best" атты америкалық шоудағы Қазақстанның атынан тағайындалған сарапшы маман және әділ қазы алқасының мүшесі Гаухар Нұртас сайыс туралы пікірімен бөлісті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

— Димаш пен Данэлиядан басқа қатысушылардың өнері сізді таңғалдыра алды ма?

Иә. Мен Кореядан келген қатысушылардың өнеріне тәнті болдым.  Олар кәсіби түрде ерекше өнер көрсетті. Маған қатты ұнады. Сондай-ақ өз ерекшеліктерімен басқа да қазылар алқасының жүрегін жаулап алды. 

— Бұл "Минута славы" сайысының көшірмесі ме?

Жобаға бірнеше елдің таланттылары қатысты. Бұл жоба бұрынғыдан өзгерек. Жобаны мен басқалармен салыстыра алмаймын. Себебі мұндай сайыс жиі бола бермейді. Себебі "The World’s Best" ең үздік шоу және қатысушылары да "сен тұр мен атайын", деген таланттылар. 

—Димаштың соңғы сайыстағы өнерінен кейін сахна сыртында қандай жайт орын алды?

Менің шетелдік әріптестерім мені құшақтап, бетімнен сүйіп, құттықтап жатты. Димаштың адам сенгісіз талантын айтып, таңданыстарын жасыра алмады. Оның басқалардан дараланып тұратын өнерін сөз етті. Димаштың әнін таң-тамаша болып тыңдаған көрермендердің ризашылығын, эмоциясын айтып жеткізу мүмкін емес. 

— Ұйымдастырушылар қатысушыларды қайда орналастырды?

Келісімшарт бойынша аталмыш сайысқа қатысушылармен біз сөйлесіп, жақын араласа алмаймыз. Әрине мен қатысушылармен араласып, сөйлескім келді. Өкінішке қарай бұған қатаң түрде тыйым салынды. Бұл да дұрыс шығар. Себебі біздің пікіріміздің обьективті болуы керек. Әділ баға беру бұл сайыста өте қиын.  Себебі әрбір сарапшының өз жерлестеріне бүйрегі бұрып тұратыны белгілі. Мен де өз жерлестеріме барынша қолдау білдіріп, көмектескім келді. Бірақ келісімшарттың аты келісімшарт.

— Аталмыш сайысқа қатысушыларға қандай талап қойылды?

Бірегейлік. Ерекшелік. Әлемдегі бірнеше миллиард адамның арасындағы үздігі болу. Бұл сайысқа қатысу үшін сіз басқалар істей алмайтын өнеріңізді көрсетуіңіз керек. Егер сіздің өнеріңізді әлемдегі бірде-бір адам қайталай алмайтын болса, қатысуға өтініш білдіріңіз. Қазір ұйымдастырушылар келесі маусымға қатысушыларды іріктеп жатыр. 

— Димаш пен Данэлияның жеңу мүмкіндігі қандай?

— Өте жоғары деп есептеймін. Мен жерлестеріммен мақтанамын. Тақымымызды қысып, қолдау білдіреміз. Нәтижесін алдағы уақытта көресіздер

Аударған: Әсел Болатқызы 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір