• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:51:55
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2019 Денсаулық

Мемлекет қандай жағдайда шетелде емделуге жібереді?

Денсаулық сақтау министрлігі әлемнің жетекші клиникаларымен жұмыс істейді.

Қазақстанда емдеуге келмейтін, елімізде қолданылмайтын әдістер мен технологияларды талап ететін аурулар бар. Ондай науқастардың мемлекеттік бюджет есебінен, шетелде тегін емделуге мүмкіндігі бар. Сонымен шетелде мемлекет есебінен кімдер емделе алады? Ол үшін қандай құжаттар талап етіледі?

«Бюджет қаражаты есебінен шетелдердегі озық клиникаларға емдеуге жіберілетін азаматтардың санаты мен аурулардың тізімі Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітілген. Оған негізінен отандық медицина ұйымдарында емделген, бірақ қолданыстағы емдеу тәсілдері оң нәтиже бермеген науқастар жатады. Шешім қабылдау барысында 18 жасқа дейінгі балаларға, айрықша жағдайларда қызмет бабында ауыр жарақат алған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне басымдық беріледі», - дейді Медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Айтуынша, аурулардың тізбесіне негізінен ағзалар мен тіндерді алмастыруды қажет ететін аурулар, сондай-ақ онкологиялық аурулар, өңеш, кеңірдек стеноздары т.б. кіреді. Оның ішінде, радиохирургиялық әдіспен емдеуді, яғни гамма пышақты талап ететін ми ісігі, артериялық аневризмдер, көздің қатерлі ісіктері бар (толық тізім: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016107)

Денсаулық сақтау министрлігі әлемнің жетекші клиникаларымен жұмыс істейді. Олардың қатарында Германия, Израиль, АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, Франция, Испания, Чехия, Украина, Ресей, Беларусь, Үндістан, Сингапур сияқты елдердің аллдыңғы қатарлы медицина орталықтары бар. 

Гүлзира Жібекенова

Гүлзира Жібекенова

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір