• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:58:25
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019 Әлем

Ауғандардың тұтқынына түскен совет сарбазы: Ресейге ешқашан қайтқым келмейді (видео)

Өлгісі келмеген совет сарбазы тұтқынға түскеннен кейін Ислам дінін қабылдап, "Талибан" атты радикалды топтың қатарында болған.

Ауғандардың тұтқынына түскен совет сарбазы не себепті өз еліне қайтқысы келмейтінін түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Настоящее Время" телеарнасының  дерегін негізге алып. 

Ол ауған соғысы кезінде тұтқынға түсіп қалған. Өлгісі келмеген совет сарбазы тұтқындалғаннан кейін ислам дінін қабылдап, "Талибан" радикалды тобының қатарында болған. Тіпті совет әскеріне қарсы соғысыпты. 

Герат Хакимов ауған соғысы кезінде тұтқынға түсіп, кейін ұмыт қалған жалғыз совет әскерінің сарбазы емес. Соғыс кезінде Герат Хакимов басынан ауыр жарақат алған. Сол себепті жылдар мен оқиғаларды жиі шатастырады және орыс тілін де ұмытып қалған. Бірақ ол әлі күнге дейін совет билігін кешіре алмай келеді. Оған совет билігінің сол жылдардағы 10 шақты сарбазға сатқындық жасап, тозақ өмірге тастап кеткені себеп болған. 

"Біз 21 сарбаз Гератта жоғалып кеттік. Мен ауыр жарақат алған едім. Кейін тұтқынға түстім. Ол кезде биліктен көмек сұрау үшін қазіргідей интернет, телефон болмады. Сол себепті біз сол жерде қалып қойдық. Кейін билік бізді ұмытып кетті. Совет үкіметі тіпті қайтыс болған сарбаздарды да іздестірмеді. "Мен 5 жыл бойы совет үкіметі бізді іздеп келеді" деп үміттендім. Алайда 30 жыл өткеннен кейін де олар мұндай қадамға бармады. Отан үшін жанымызды құрбан еткен бізді ұмытты. Мен совет үкіметін ешқашан кешірмеймін. Қазір отбасым бар. Менің Ресейге қайтқым келмеді. Ауғандар өте қонақжай, жақсы халық. Олар ауыр жарақаттанған кезде маған көмек көрсетті", -дейді Хакимов. Бірақ оны қазір Ауғанстанда Абдулла Шейх деп атайды. Екі рет үйленген. Бірінші әйелі босану кезінде қайтыс болыпты. Бірінші әйелінен бір қызы бар. 

Сондай-ақ Иранға барған кезде ресейлік азаматтар оны елге қайтарғысы келген. 

"Тіпті зорлықпен мені Ресейге алып кетпекші болды. Олар маған Иранда осындай дөрекілік танытса, елге барғанда не істейді? Мен Ресейге барсам, жазықсыздан жазықсыз жазалай ма деп қорқамын. Ал бұл елде менің ең жақын отбасым бар. Ал Ресейге ешқашан бармаймын, барғым да келмейді", дейді Абдулла Шейх. 

Аударған: Әсел Болатқызы

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір