• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:48:13
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 Саяхат

Адамзат қай заманда да жер-жерді танып білуге құмар. Әсіресе қазіргі таңда туризмнің өте танымал екендігі белгілі. Саяхатшылардың әсерінен зиян шеккен көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерді ешқандай қаржылық және техникалық ресурстар қалпына келтіре алмайды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі адамдар өз қолымен жойған туристік жерлерді оқырман назарына ұсынады.

  1. Тайландтағы Пхи-Фи аралдарындағы Майя шығанағы

fhfk

Бұл орын Леонардо Ди Каприоның «Жағажай» фильмі шыққаннан кейін туристер арасында өте танымал болды. Содан бастап күніне 5 мыңға жуық адам жағажайды көруге келген.  Нәтижесінде, 2018 жылдың маусым айында экологиялық жағдайға байланысты мұнда саяхатшылардың келуіне тыйым салынды.

  1. Парагвай мен Бразилия шекарасындағы Гуайра сарқырамасы

 сарқырама

Бұл сарқырама көрікті жерде орналасқан. Адамдар 1982 жылы гидроэлектростанция салып, су қоймасы үшін сарқыраманы бөгеп тастады. Жартастарды арнайы динамиттердің көмегімен құлатты.

  1. Испаниядағы Альтамира үңгірі

 үңгір

Бұл үңгір 2002 жылы келуші туристер үшін толық жабылды. Жартастағы суреттерге адамнан тыныс алу кезінде бөлінетін бу мен көміртегі диоксиді қатты әсер еткен. Соның салдарынан тастағы суреттер көгере бастаған. 2001 жылы үңгірдің толық көшірмесі қайта жасалынып, тапсырылды. Енді саяхатшылар суреттерді тек қана мұражайдан тамашалайды.

  1. Боливиядағы Чакалтай мұздығы

 тау

Оңтүстік Американың ең биік шыңдарының бірі болған бұл мұздақ 18 мың жыл бұрын тайда болған. 1980 жылдан бастап ол аласара бастады, ал 2009 жылы жаһандық жылынудың нәтижесінде мұздақ толығымен жойылды.

  1. Белиздегі Нохмул пирамидасы

 2,2 мың жыл бұрын Майя үнділері салған бұл пирамиданы 2013 жылы D-Mar құрылыс компаниясының қызметкерлері бульдозерлермен қиратты. Пирамидадан қалған қалдықтарды көрші қаладағы жолды жөндеуге қолданды. Тергеудің нәтижесінде экскаватор жүргізушісіне, құрылысшыға және екі басқарушыға айыппұл салынды.

  1. Боливиядағы Пойво көлі

көл

Көл 2016 жылы климаттың өзгеруіне байланысты толығымен тартылып кетті. Көлдің бұлай құрғауына адамдардың ауыл шаруашылығы және сол аймақта тау-кен жұмыстарын жүргізуі әсер еткен. Айта кету керек, бұл көлдің осымен екінші рет тартылуы. Тұңғыш рет Пойво көлі 1994 жылы құрғап қалған. Содан соң, жаңбыр суымен қайта толыққан.

  1. Австралиядағы Той торты жартасы

 жартас

Бұл жартас 2015 жылы өте танымал болған. Бүгінгі күні келушілерң көптігіне байланысты жартастың құлау қаупі туындап, артынан жол жабылды. Бірақ шектеулерге, айыппұлдарға, тіпті полицияның ескертуіне қарамастан  әсерлі суреттер мен видеолар түсіру үшін келетін туристердің саны әлі де көп. 

  1. Индонезиядағы Раджа Ампат аралындағы Корал рифі

 корал рифі

2017 жылы круиздік кемелердің кесірінен ауданы 1,6 шаршыметр Корал рифі жойылды. Оны қалпына келтіру үшін ондаған жыл қажет болады. Бұл жерге келтірілген зиян 18,6 миллион долларға бағаланған.

  1. Орегон штатындағы Дакбилл жартасы

 жартас

Бұл жартас 2016 жылдың 29 тамызына дейін танымал туристік көрікті жерлердің бірі болды. Осы жартаста аяғын сындырған досының кегін алу үшін бір топ адам табиғи ескерткішті өз қолдарымен жойған.

  1. Париждегі өнер көпірі

 көпір

Бұл атақты көпірде салмағы 45 тоннаға жуық құлып ілініп тұрған. Көпірдің мұндай ауыр салмақты көтере алмайтын апатты жағдайынан қорыққандықтан, үкімет он мыңдаған құлыптарды кесіп, алып тастады. Оның орнына ешкім құлып ілмеуі үшін әйнек панельдерін орнатты.

Жалпы әлемде мұндай жойылып бара жатқан көрікті мекендер көп. Тіпті сіз Қытайдың Ұлы қорғаны жақын арада жойылуы мүмкін екенін білгенде таң қалуыңыз мүмкін. Қорғаныстық мақсаттарға арналып тұрғызылған ескерткіш мыңдаған туристердің келуінен елеулі зардап шекті. Сондай-ақ, Колизейдің, Өлі теңіздің, Венецияның, тіпті бүкіл Антарктиканың өзі  құру алдында тұр.

Адамдар туристік жерлерге қоқыс тастап, әртүрлі суреттер салып, құндылықтарды қиратып, барған жерлерінің тағдыры туралы ойлай қоймайды. Әрине біз ешкімді саяхаттауды тоқтатуға шақырмаймыз, тек барлығымыз да барған жерімізге қамқорлықпен қарап, құрметтеу керектігін ұмытпағанымыз жөн.

 

Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір