• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:45:13
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2019 Саясат

Татарстанның вице-премьері Василь Шайхразиев халықпен кездесуде елде тұратын халықтың барлығын да «татарлар» деп атады.

2014 жылдың 1 қазанынан бері Татарстанда премьер-министрдің орынбасары лауазымында келе жатқан ол осы аптаның басында батыл мәлімдеме жасады. Әрине, Ресейдің құрамында тұрып осылай деу жүрегі мықты ұлтжанды азаматтың ғана қолынан келеді.

–Біз жарық лүниеге келген соң, түбінде өмірден кететініміз де ақиқат. Ал жер мен ел келер ұрпаққа мұра болып қалады. Тіл де солай. Сондықтан да ең алдымен  татардың жас ұрпағын дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Татарстанда  қазіргі уақытта 173 ұлт  тұрады.  Нақты айтқанда, республикада 4 миллион адамдай мекен етеді. Егер  басқа мемлекетке барсақ, бізді чуваш, орыс немесе мордва деп айтпайды. Олардың барлығы – татарлар болып есептеледі.  Біз үшін де солай. Татарстанда тұрдың ба, онда сен татарсың! –деді  вице-премьер Василь Шайхразиев.

Ескерте кетейік, қазіргі уақытта Татарстанның территориясында 4 миллиондай адам тұрады. Оның ішінде 53 пайызы – татарлар, 39 пайызы–орыстар, 3 пайыздан астамы чуваштар және басқа диаспора өкілдері.

Бізді таңқалдырған бір жайт, Ресейдің  құрамында, қалың орман орыстың ортасында бола тұрып, татардың болашағы үшін осылай батыл сөйлеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. 173 ұлт тұратын республикада қатары аз болса да, татарың мықты болып тұр ғой.

...Ал біздің жоғары билік қазақтың саны елде 70  пайыздан асса да, әлі «қазақстандықтар» деп сөйлейді.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір