• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:28:13
Алматы
+35°

 

«Әр халық, әр ұлт  міндетті түрде өзінің тамырын сақтауы тиіс.Егер Қазақстанда тұратын болсақ, бұл елдің заңын сыйлауымыз керек. Заңын біліп, оған мойынұсынуымыз керек. Әрине, сонымен қатар қазақ тілін де үйренгеніміз дұрыс. Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі, оны да сақтау керек. Бірақ бұл елді тұрақты мекен еткен соң, міндетті түрде мемлекеттік тілді білгендерің дұрыс. Қазақ тілінде қарым-қатынас жасағандарың абзал».

Бұл Ресей Федерациясы кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың пікірі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға келгенде төрайым төрде отырып осылай ақыл айтып кеткен. Өзімізді былай қойғанда, сырттан келгендер сенің тіліңнің мәртебесі төмен болып тұрғанын бірден сезеді де, «орыс тілін ұмытпаңдар, бірақ қазақ тілін білгендерің дұрыс» дейді. Ақыл айтатындар көп.

... Қайран тілім, қор болған, мәртебең қашан біиіктейді екен?!

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір