• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:20:54
Алматы
+35°

02 Қаңтар, 2019

Атышулы видеоқұттықтауға қатысты ҚР ІІМ түсінік берді

Сөз арасында «біздің братва, біз бандамыз» деген теңеулер кездеседі.

Әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тарап, ол жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Полиция өкілі  өзінің құттықтау сөзінде қылмыс әлемінің адамдары жиі пайдаланатын сөздерді айтқаны үшін жұртшылықтың сынына ұшырады. Сөз арасында «біздің братва, біз бандамыз» деген теңеулер кездеседі. Осыған байланысты ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев түсінік берді.

 «Ведомстволық оқу орнының лауазымды қызметкері көзге түскен видео зерттелді. Ол өзінің әріптестеріне құттықтау жолдаған. Бейнежазбаны 2018 жылғы 31 желтоқсанда ІІМ Қарағанды академиясында бірінші курс басшысының орынбасары түсірген», - деп жазды А. Садубаев Фейсбуктегі парақшасында. 

Оның сөзіне қарағанда, осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Бұл тұрғыда аталған қызметкер мен оның басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ қызметінен босату шарасы қабылдануы мүмкін.  

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір