• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:03:18
Алматы
+35°

15 Қазан, 2018 Спорт

Хабиб Нұрмағамедов: Ұлымның менің жолымды қайталағанын қаламаймын

Бәрі де  әкем жайлы жиі сұрайды. Ал мен анамды өте жақсы көремін...

–Жанкүйерлер менің рингке төбелеске шыққанымды ғана көреді. Өмірімнің басқа жағынан көп хабарсыз. Осы уақытқа дейін маған қаншама рет операция  жасалды. Аяғыма, қолыма, арқама, қабырғама... Осыдан бір –екі жыл бұрын «салмақ қуамын» деп өлім аузынан қалдым. Спорттың жолы өте ауыр. Сен спорт жолында жанкешті тер төгесің, бірақ бір сәтте мүгедек болып қалуың мүмкін.

♦Хабиб Нұрмағамедов UFC-ге: Менен айырылдым деп ойлай беріңдер

Балам да болашақта спортпен айналысатын болады. Бірақ тек қана олимпиадалық спорт түрімен:  дзюдо, бокс, күреспен ғана.  Ақиқатын айтсам, ол менің жолымды қайталағанын қаламаймын. Бізге мықты, қайсар жігіттер керек. Отанымызды, отбасымызды қорғау үшін. Ал мықты болған сайын сені көре алмайтындар да көбейеді.

Соңғы 15 жылда менің көзім көгерген жоқ. Қатты соққы алған да жоқпын. Миым орнында, демек бағытым, ойым, ойлау қабілетім де  дұрыс.

 

Айқастан кейін әкем маған «өзіңді енді дұрыс ұста», –деді. Онымен толық келісемін. Мен төбелесіп жатқан кезде ол қатты толқыған сияқты. Кейіннен «жүйкеңіз сыр берді ме?» деп сұрадым. Ол «егер сенің балаң айқас алаңына шықса, сонда ғана менің жайымды түсінесің» деп жауап берді.

♦Хабиб Нұрмағамедов қатты қорқатын әкесі жайлы не білеміз?

Әрине, Ресейде мен секілді қайсар жігіттер өте көп. Өкінішке қарай, оларда әкем сияқты мықты бапкер жоқ. Бұл жағынан менің жолым болды.

Біз бүгін өмір сүріп жатсақ, ертең өліп кетуіміз де бек мүмкін. Иә, өлеміз. Бірақ жеңіс те, жеңіліс те, ақша мен белбеу де бәрі ұмытылады. Тек еліңе, отаныңа, халқыңа жасаған қайырымды істерің ғана қалады.

Маған арандататын сауалдарды әдейі қояды. Оларға айтарым біреу ғана: мен Дағыстанның ұлымын, Калифорнияда тұрамын. Бірақ төлқұжатым – Ресейдікі.

♦Хабиб Нұрмағамедовты дағыстандықтар қалай қарсы алды? (видео)

Бір отбасында 16 бала өмір сүрдік. Үйдегі тәртіп өте қатал болды. Бірақ өте ұйымшыл болып өстік. Әрқайсысымыз арнайы кесте бойынша жұмыс істедік. Біріміз кір жудық, екіншіміз аула  сыпырдық. Мектеп бітіргенше осылай өсіп, тәрбиелендік.

Біздің отбасымыздан 5 әлем чемпионы, бір UFC чемпионы шықты, ал әкем – Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Бәрі де  әкем жайлы жиі сұрайды. Ал мен анамды өте жақсы көремін...

 Еркін Қалдан

 

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір