• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:06:17
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Мемлекеттік бағдарламалар

Алматыдағы Опера және балет театрында Астананың 20 жылдығына орай концерт өтеді

онцерт Нұржан Байбосыновтың жетекшілігімен ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен өтеді.

 

2018 жылдың 13 маусым күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына арнап  ҚР Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттары жыл сайынғы «Жүректегі арманмен, шыңдарға шығу жолында!» атты концертін өткізеді. Классика музыкасының жұлдыздары дәстүрлі түрде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жиналады, деп хабарлайды Qamshy.kz

Астананың 20-жылдығын мерекелеуге орай Еуразиядағы ең үлкен театрлардың бірінде ең танымал музкалық туындылар орындалады. Олардың ішінде «Абай» операсынан Абайдың ариясы, «Страна улыбок» операсынан Лиза және Су Чонгтің дуэті, «Кармен» операсынан попурри, «Тайс» операсынан «Медитация» бар. Әлемге әйгілі бұл туындыларды отандық мәдениет және өнер саласындағы жаңа танымал өкілдері - ҚР Тұңғыш Президент қорының Лауреаттары орындайды.

Музыка кешінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары: Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев, Татьяна Вицинская, Гаухар Taсбергенова, Ермек Құрманаев, Бибігүл Жанұзақ, ҚР мемлекеттік триосы - «Forte trio» және басқа өнер майталмандары өз шеберлігін көрсетеді.

Опера және балеттің хас шеберлері «Үлкен Опера» тақырыбына арналған концерттік бағдарламамен сахнаға шығады. Бүгінгі күні «Үлкен опера» - әлемдік заманауи музыкалық бағыттар сияқты танымал халықаралық тренд. «Жүректегі арманмен, шыңдарға шығу жолында!» атты концертін өткізудің басты мақсаты әр түрлі тыңдармандарға академиялық музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

- Мәдениет - мемлекеттің рухани негізі. Қоғам ұлттық өнерді сақтау үшін шығармашылық тұлғаны дамытуға жағдай жасау керек. Осы орайда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қызметі өте маңызды. Он жыл бойы біз талантты жастарды қолдап келе жатырмыз. Қор Лауреаттарының концерті – классика музыкасының майталмандарын елімізге таныстыру болып табылады. Бұл кеште өз таланттарын көрсететін жұлдыздарымыз шығармашылық жолында ешқандай кедергі болмауы тиіс екенін дәлелдейтініне сенімдімін, - деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президент Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының жас, дарынды және шығармашыл жастарға қолдау көрсету дәстүрі 10 жыл бұрын туды. Көптеген әртістер үшін бұл қолдау кәсіби салада табысқа жетуге алғашқы қадамдардың бірі болды. Қордың Лауреаттарға арналған жыл сайынғы концерті олардың шеберлігін халыққа көрсетудің тамаша мүмкіндіктерінің бірі болуда.Қазір Қор Лауреаттарының есімдері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде  де белгілі. Олар халықаралық конкурстар мен фестивальдарда өз өнерлерін көрсете отырып, Қазақстанымыздың дарынды өнер иелеріне бай екендігін дәлелдеуде. Концертке Қазақстан, Ресей мен Еуропаға кеңінен танымал отандық опера жұлдызы Сүндет Байғожин де қатысады. Биылғы жылы Лауреаттардың концертінің тағы бір ерекшелігі - Астанамызға арналған фотокөрменің өтуі. «Астана - Ұлы дала жауһары» атты фотокөрме елорданың жетістіктерін көрсетіп, заманауи Қазақстанға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Концерт Нұржан Байбосыновтың жетекшілігімен ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, концерт барысында тыңдармандарға мультимедиялық технологиялардың көмегімен есте қалар шоу қойылмақ дейді ұйымдастырушылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір