• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:15:27
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Car News

Голландиялық ұшатын көлік туралы не білесіз? (видео)

Бұл көлік әуеде сағатына 180 шақырым жылдамдықпен ұшады.

Голландиялық Pal-V компаниясы Женева қаласында алғаш рет ұшатын көліктің таныстырылымын жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл көлікті жүргізу үшін жүргізуші куәлігімен бірге ұшқыш куәлігі қажет. Көліктің құны – 499 000 еуро немесе 197  миллион 604 мың теңге.

Голландиялық компания көліктің қазіргі нұсқасына бірнеше түзету енгізетінін айтты. Алайда ұшатын көліктің жаңа нұсқасының ерекшеліктерін құпия ұстауды жөн көріп отыр.

Ол кәдімгі көлікке әрі тікұшаққа ұқсайды. Салонына екі адам сыяды, оған қоса, көлік 20 келіге дейін жүкті көтере алады. Автомобильге екі қозғалтқыш қойылған. Жер бетімен жүргізетін қозғалтқышының қуаты 100 аттың күшіне, ал ұшуға арналған қозғалтқышының қуаты 200 аттың күшіне тең. Тағы бір айта кетерлігі, бұл көлік әуеде сағатына 180 шақырым жылдамдықпен ұшады. Көлік әзірге сертификат алмаған. Алайда голландтық нөмірі бар. Құрастырушалардың айтуынша, ұшатын автомобиль 2019 жылы сатылымға шығады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір