• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:57:10
Алматы
+35°

31 Желтоқсан, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

Айбек Қалиев «Айтыстың ақтангері» атанды (видео)

Айтыс нәтижесі бойынша 8 ақынға жүлде берілді

Алматыда 29, 30 желтоқсан күндері «Тәуелсіздікке тарту» атты айтыс өтті, деп жазады Qamshy.kz тілшісі.

Жүрсін Ерманның басқаруындағы Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы ұйымдастырған айтысқа келеді деп хабарланған Ринат Зайтов, Дидар Қамиев сынды кейбір ақындар келген жоқ. Айтысқа қатысқан 18 ақынның бәрі биыл республиканың әр аймақтарында өткен түрлі айтыстардың жеңімпаздары.

Айтыс нәтижесі бойынша 8 ақынға жүлде берілсе қалған 10 ақынға 100 мың теңгеден шабыттандыру мақсатында ақшалай сыйлық тапсырылды. Бас жүлде «Айтыстың ақтангері» атағы мен теміртұлпар Айбек Қалиевке бұйырды. 1-орын Жансая Мусинаға (1млн) бұйырса, 2-орын Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанханға (500 мыңнан), 3-орын Ершат Қайболдин, Қалижан Білдашев, Тілеген Әділов сынды 3 адамға 200 мың теңгеден берілді.

Оған қоса «Тас кредит» компаниясының Бас директоры Дулат Тастекеевтің арнайы жүлдесі жалпы көлемі 1 млн 800 мың  теңгелік ай сайынғы 150 мың теңгеден степендия Әсем Ережеқызына бұйырды. Ал, Төреғали Төреәлі өз атындағы қордың арнайы сыйлығы мың долларды Аспанбек Шұғатаевқа табыстады.

Айта кетсек, осыдан бір апта уақыт бұрын ғана дәл осындай атпен Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында айтыс өткен болатын. Оған қоса 5 жылдан бері дәстүрлі болып қалған «Алтын домбыра» айтысы да Ақтөбеде түсініксіз жағдайда өткен еді. Басында «Жыр арқауы — жаңғыру» деп хабарланған айтыстың жүлдесі тапсырыларда биылғы «Алтын домбыра» айтыс екені хабарланған. Ол айтысты Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған. Оған қатысқан ақындар осы жолғы Алматыдағы айтысқа қатысқан жоқ. Ал Алматыдағы айтысты жекелей кәсіпкерлер қаржыландырған.

Еркебұлан Қайназар

Айтыстың жүлдесін тапсырар кезде қазылар алқасына төрағалық еткен Асанәлі Әшімов «Айтыстың ең жоғары атағы — Айтыстың ақтангері» деп мәлімдеді. Айтысқа сонымен қоса «Айқын» газетінің басшысы Нұртөре Жүсіп, танымал айтыс ақындары Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиолла, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжандар қазылық етті.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір