• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:06:51
Алматы
+35°

30 Қазан, 2017 Саясат

Сирия бойынша жетінші кездесудің барлық қатысушылары Астанаға келді

Сирия жөніндегі кездесуге БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатыспайды.

Бүгін, 30 қазанда жетінші халықаралық Сирия келіссөзіне қатысатын мемлекеттердің делегациясы Қазақстан астанасына жиналды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін екіжақты және көпжақты кездесулер өткізіледі. «Пленарлық мәжіліс 31 қазанның екінші жартысына жоспарланды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Сирия жөніндегі кездесуге БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатыспайды. Бұл туралы ҚР СІМ бас хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.

Алдағы кездесуге Сүрия үкіметінің және сүриялық оппозицияның, сондай-ақ байқаушы ретінде БҰҰ, АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.

Астанадағы Сирия жөніндегі жетінші халықаралық кездесу 30-31 қазанға жоспарланған. Келіссөздер барысында қатысушылар кепілдікке алынғандарды, тұтқындарды босату, қаза болғандардың денесін беру және жоғалған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс тобының ережесін бекітуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ халықаралық терроризммен күрес мәселесі де күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір