• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:20:27
Алматы
+35°

26 Қазан, 2017 NEWS

Алматы әкімдігі Жаңа жылға дайындықтың қашан басталатынын айтты

Жаңа жылға дайындық ҚР Тәуелсіздік күнінен соң басталады, Жаңа жылдың басты шыршасы 18 желтоқсан күні жағылады.

Желтоқсан айында бірнеше мерекенің атап өтілетіні белгілі. Қазақстан Республикасы президентінің күні – 1 желтоқсан, ҚР Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні – 17 желтоқсан, сондай-ақ Жаңа жыл. Аталмыш мерекелерге орай Алматы әкімдігі тарапынан жоспарланған дайындық барысын білу мақсатында Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі әкімдікке сауал жолдаған еді.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелердің күн аралығы бір-біріне жақын болғандықтан, жоғарыда аталған мерекелердің тақырыптарын қамтитын қаланы безендірудің біріккен тұжырымдамасы дайындалады. Тұжырымдамада 1 желтоқсаннан басталатын безендіру үшін ұлттық стильдің элементтері пайдаланылмақ.

2017 жылы Алматы қаласының Мәдениет және мұрағаттар басқармасы желтоқсан айының барлық мерекелеріне орай қала безендіру үшін жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге бөлген. Ал 2016 жылы 215 миллион теңге бөлінді.

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Алматы қаласында 2017 жылдың 15 желтоқсанында Республика сарайында мерекелік жиын мен кеш өтеді, сондай-ақ 16 және 17 желтоқсанда «Тәуелсіздік» монументі мен «Тәуелсіздік таңы» ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою шарасы өтеді. Осы мақсатта 2017 жылы 26 миллион теңге қаржы бөлінеді, ал 2016 жылы 31 миллион теңге бөлінген.

Қала тұрғындары мен қонақтарына Жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында аудан әкімдіктеріне 429 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға магистральді көшелерді ғана емес, қаланың 8 ауданының көшелері мен көпірлерін жалпы ұзындығы 260 шақырым болатын гриляндамен, иллюминациялармен, 6800 дизайн элементтерімен безендіріледі, шағын архитектуралық нысандар мен корнштейндер орнатылады.

Сатып алынған дизайн элементтері келесі жылдарға да жарамды екенін ескертті. Яғни, қаржы шамамен 10-15 жылға үнемделеді.

Ал Жаңа жылға дайындық ҚР Тәуелсіздік күнінен соң бірақ басталады. Мерекенің басты шыршасы 18 желтоқсан күні жағылады.

Сонымен қатар Алматы қаласы кәсіпорындары арасында Жаңа жылға ең әдемі безендіру номинациясы бойынша байқау өту жоспарланды.

Сондай-ақ қала әкімдігі жыл сайын тұрғындар тарапынан вандализм фактілеріне тап болып жататынын мәлім етті. Шырша ойыншықтары ұрланып, шағын архитектуралық нысандар қиратылады. Ондайда кейбір безендіру шаралары сәтсіз аяқталып, жөндеу жұмыстарына қайта кірісуге тура келіп жатады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір