• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:49:38
Алматы
+35°

11 Қазан, 2017 Әлеумет

«Бабанов Назарбаевқа не үшін қажет болды...» Шетелдік БАҚ не дейді?

Қазақстанда соңғы күндері болған қоғамдық мәселелер жайында шетелдік БАҚ та үн қосты.

Қазақстанда соңғы күндері болған қоғамдық мәселелер жайында шетелдік БАҚ та үн қосты. Назарбаевтың Бабановпен кездесуі, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан жайлы айтқандары т.б. мәселелер шетелдік агенттіктердің өзіндік пікір қалыптастыруына себеп болды. 

GEZITTER.ORG: «Бабанов Назарбаевқа не үшін қажет болды...» –  Қыркүйекте Қырғызстан президентіне үміткер Өмірбек Бабанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл кездесу қоғамда қызу талқыға түсті. Президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбековті қолдайтынын мәлімдеген Турсунбек Акун Орталық сайлау комиссиясына барып, сайлау алды көршілес мемлекеттің басшысымен кездескен Бабановты жазалауды талап етті. Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын жолдады. Қазақстан тарапы өз реакциясын білдірді.

IA-CENTR.RU: «Андрей Карпов. Астана мен Бішкек арасындағы ақпараттық соғыс жалғасуды. Алмазбек Атамбаев бағаны көтерді» – Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2017 жылдың 10-11 қазанындағы Сочи қаласына ресми сапарынан бас тартты. Атамбаев мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп болжанған.

Михаил Ремизов: «Біз қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысу процесіне жайбарақат қарай аламыз»

KNEWS.KG: «Атамбаевтың Қазақстан жайлы айтқаны» – Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономкиалық жағдайы турасындағы мәлімдемесі көршілес мемлекеттің шенеуніктеріне мемлекеттің хал-ахуалы жайында ақпарат беруіне мәжбүр етті. Бұл туралы саясаттанушы Игорь Шестаков мәлімдеді.

TAZABEK.KG: «Бішкектің негізгі инвесторлары – Жапония, Қытай, Сингапур, Нидерланд, Түркия және Қазақстан – статистика» - Бұл туралы 10 қазанда Бішкекте өткен пресс-конференцияда Ұлттық статистика комитетінің инвестициялар статистикасы бөлімінің бастығы Виктория Бирюкова мәлімдеді.

EURASIA.EXPERT: «Беларусь және Қазақстан шетелдік инвестиция импорты бойынша Ресейді қуып жетті» – ТМД аясында өзара инвестициялардың өсуі Ресей экономикасын қалпына келтірумен байланысты болды. ТМД елдерінің тікелей шетелдік инвестициялары 8%-ға өсті.

INOSMI.RU: «Оңтүстік Корея Орталық Азияға экономкиалық соққы жасамақ» – Оңтүстік Корея Орталық Азия елдерімен терең сауда байланысын орнататын арнайы агенттік құрды. Бұл бастама Оңтүстік Кореяның аймақтардағы экономикалық рөлін кеңейтуге мүмкіндік бермек.

EADAILY.COM: «Астана мен Бішкек арасындағы қақтығыс жиілеп келеді: Сайқымазаққа айналмаңдар» – Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтақнадарына байланысты пікір білдірді.

Шолушы: Гүлім ЖАҚАН

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір