• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:52:21
Алматы
+35°

05 Қазан, 2017 NEWS

Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстанның» басты бағыттары жайлы айтып өтті

Министр цифрландыруды қарапайым мысалдармен түсіндірді. Оның айтуынша, ел экономикасын цифрландырудың ауқымы кең.

Бүгін Қазақстанда алғашқы Қазақстанда алғаш рет "Astana digital forum" басталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Форум барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі форумның ашылу салтанатында «Цифрлық Қазақстанның» басты бағыттары жайлы айтып өтті.

Министр цифрландыруды қарапайым мысалдармен түсіндірді. Оның айтуынша, ел экономикасын цифрландырудың ауқымы кең.

Дәурен Абаев

«Ойлап көріңіздерші, қазіргі айыппұлдарды екі сағатта емес, төрт-ақ клик басу арқылы рәсімдейтін болады. Бүгінгі таңда ондай жоба бар. Адам өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетеді де, айыппұлдың электронды xаттамасы бірыңғай базаға жіберіледі. Сосын бала туғанда оның қай балабақшаға, қай мектепке баратыны бірден анықталатын болады. Мемлекеттің жәрдемақы, балабақша кезегі - бәрі-бәрі әп-сәтте жасалады. Тіпті, перзентxанадан шықпай-ақ, баланың атын SMS-пен жіберіп, жеке құжаттарды да рәсімдеуге болады. Алдағы уақытта осындай қызмет те енгізіледі», – деді Абаев.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір