• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:01:31
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 NEWS

Мәжілісте Тұрғын үй қатынастарына қатысты Заң жобасы талқыланды

Заң жобасына қатысты ұсыныстар Палатаның алдағы отырыстарында қаралатын болады.

Бүгін Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігімен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы талқыланды. Осыған қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров пен Мәжіліс депутаты, аталған Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Абай Тасболатовтың баяндамасы тыңдалды.

Қарулы Күштердің, әскери прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге бағытталған Заң жобасына ұсыныстарды Қорғаныс министрлігі Парламент депутаттарымен, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп әзірледі.

Мәжіліс депутаты М. Әшімбаев әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған ұсыныстар қабылданған жағдайда әскерилерге ең төменгі жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік жасалатынын атап өтті.

 – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметшілер үшін арнайы ұсыныстар дайындалуда. Әскери қызметшілер 12 жыл ішінде қарызды өтеп пәтерді толықтай иеленетін болады. Сондықтан да бұл әлеуметтік және экономикалық жағынан ұтымды болмақ,  – деді М. Әшімбаев.

Сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақыларының мөлшерін, мақсатын, қайта саналуын, қолданылуын, тоқтатылуын және ұзартуын анықтау Ережесіне сәйкес, тұрғын үй төлемдері әскери қызмет мерзіміне қарамастан тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге беріледі.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер әскери қызметтен босатылған кезде тұрғын үймен қамтамасыз етілмесе, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге дейін тұрғын үй төлемдерін төлейді. Сонымен жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және басқа да жабық нысандарда тұрып жатқан әскери қызметшілерге тұрғын үй жәрдемақыларының 50% мөлшерінде тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан өзге бұл салада 20 жыл әскери қызметтен кейінгі қызметтік баспананы өтеусіз жекешелендіру құқығы бар. Осы ретте М. Әшімбаев әскери қызметшілер үшін пәтерге төленетін төлемақы олар жұмыстан шығып кетсе, онда сол жұмыстан шығып кеткен уақытына дейін төленетін айтты.

Сондай-ақ депутат егер қызмет бабында әртүрлі жағдайлар болып, денсаулығына зиян келіп жатса ондай әскери қызметшілерге жаңа тұрғын үй сатып алуға жеткілікті қаржы бөлінетінін тілге тиек етті.

 Заң жобасына қатысты ұсыныстар Палатаның алдағы отырыстарында қаралатын болады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір