• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:59:43
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 Әлеумет

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай босатылуы мүмкін

Қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов Қытайда өмір бойына сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар екенін айтты.

Қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов Қытайда өмір бойына сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына үміт бар екенін айтты. Бұл туралы қорғаушы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті. Сондай-ақ Ресей азаматы Мария Дапирканың да тағдырына байланысты болжамымен бөлісіті.  

«Ақжарқын өз кінәсін мойындамай отыр. Сондықтан ол ақталады деп сеніп отырмыз», – деді Сұңқар Нұрмағамбетов сұхбатында.

Сонымен қатар, Нұрмағамбетовтың ресейлік Мария Даприканы да қорғап жүргенін айта кетейік. Оның айтуынша, іс Марияның қылмыстық ой-пиғылын анықтау үшін Хошимин прокуратурасына жіберілді. Сот үкімінің орындалуы Ресейде болуы ықтимал. Сондай-ақ Ақжарқынның да халықаралық келісім бойынша Қазақстанға берілетінін жеткізді. Алайда оның бірнеше шарты болуы мүмкін.

Айта кетейік, Ақжарқын мен Мария есірткі тасмалдады деген айыппен сотталды. Екі қыздың да оқиғасы 2014 жылы болған. Қытайдың Гуанчжоу әуежайында қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылған. Ал Вьетнам полициясы Марияның сөмкесінен 2,7 келі есірткі тапқан.

Есірткімен күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығының хабарлауынша, Ақжарқын мен Мария Даприка нигериялық наркомафияның құрбаны болған.

«Екі жағдайда да трансұлттық есірткі тобы жұмыс істегені көрініп тұр. Олар бұрынғы Кеңес одағы елдеріндегі адамдарды есірткі бизнесіне жегумен айналысып жүрген. Қылмыскерлер адамның сеніміне кіреді. Онымен махаббат құруы да мүмкін. Ақжарқын Алматыдағы дәмханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Бармен Джонни де осы дәмханада қызмет еткен. Джонни Ақжарқынға тауар жеткізіп берші деп өтінеді. Ақжарқынға ҚХР ҚК 374 бабымен қылмыс жасады деген айып тағылды.

Бұл бап бойынша, ол 20 жылға немесе өмір бойына бостандығынан айрылып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. 2017 жылдың қазанында осы іске нүкте қойылуы ықтимал. Бірақ уақыты өзгеруі де ғажап емес», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір