• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:54:48
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2017 NEWS

Астанадағы төбелестің ақиқаты мен аңызы (фото, видео)

Астанада болған төбелеске байланысты түрлі пікірлер бар. Ақиқаты мен аңызы...

Астанада болған төбелеске байланысты түрлі пікірлер бар, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кететін болсақ, 2 қыркүйекте сағат 21.00-де күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында «Абу-даби Плаза» құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде тұрмыстық сипаттағы жанжал орын алған. Осының салдарынан солжағалаудағы бірнеше көше жабылған.

Осы оқиғағаны біреулер тұрмыстық кикілжің десе, енді бірі ұлтаралық қақтығыс деп пікір білдіруде. Көпшілік өзге ұлттың өз жерімізге келіп өзімізді басынуын орынсыз деп есептеп, ашуланып та жатыр.

Билік өкідерінен алғашқы болып министр Дәурен Абаев оқиғадан көп өтпей халықтан даурықпауды сұрап мәлімдеме жасады.

Аталған оқиғаға байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те оқиға орнына тез жетіп, жағдайды өз бақылауына алды. Әкім өзінің фейсбук парақшасына былай деп жазды: 

«Күзет мекемесі мен шетелдік жұмысшылар арасында тұрмыстық кикілжің туындаған. Қазіргі уақытта оқиға орнына мемлекеттік қызметкерлер және тәртіп сақшылры жөнелтілді. Екі жақ арасында келіссөз жүргізіліп, кикілжің шешілді. Тергеу амалдарының нәтижесінде тиісті шаралар қолданылады. Оқыс оқиға мен арандатушылықты болдырмау үшін қажетсіз талдаулардан аулақ болуларыңызды өтінемін».

Заңгер Айгүл Орынбек төбелеске қатысы бар күзетшіден мән-жайды сұрап, жасаған жеке зерттеуіне сай, күзет қызметкері ішімдік ішіп алған индиялықпен арасында кикілжің орын алып, арты төбелеске ұласқанын жеткізген. Индиялық күзетшіні ұрып, қолын сындырыпты. Осы оқиғадан кейін индиялық өзінің бір топ достарын шақырып, индиялықтар мен қазақтардың арасында төбелес болыпты. 

Қақтығыс салдарынан Үндістанның екі азаматы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген. 

Индиялықтар мен қазақтардың арасында болған төбелестің ақиқаты мен аңызы біраз уақыттан кейін белгілі болатын шығар. 

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, «Абу-даби плаза» құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу бекетінде құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбаған 8 адамға әкімшілік шара қолданылды.

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір