24 Тамыз, 2017 Саясат

Ресейдің бірінші вице-примьері: ЕАЭО-да Ресей емес, Қазақстан – көшбасшы

Ресейдің бірніші вице-примьері Игорь Шуваловтың ойынша, Еуразиялық экономикалық одақта Ресей емес.

Ресейдің бірінші вице-примьері Игорь Шуваловтың ойынша, Еуразиялық экономикалық одақта Ресей емес, Қазақстан – көшбасшы. Бұл туралы Ресейдің билік өкілі бүгін «Еуразиялық апталық» халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«ЕАЭҚ аясында Ресейдің көшбасшылық етуі – аса қауіпті. Дегенмен бұл бағытқа байланысты бізде түсінік те бар, мамандар да жеткілікті. Алайда біз өзіміздің рөлімізді көрсете бастасақ, аталмыш саяси жоба Кремльге тән деген секілді қоғамда дау туады. Ал Қазақстан президенті жоба идеясының негізін қалаушы болып табылады. Ол 90-жылдардан бастап еуразиялық серіктестік аясында түрлі идеяларды көтерген. Сондықтан осы жобада Қазақстанның көшбасшылығын мойындаймыз», – деді Шувалов.

Сондай-ақ, цифрлы экономиканы құру, шектеулер мен айыру мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақты дамыту тұрғысында Қазақстан көшбасшылығын көргісі келетінін жеткізді. Одан бөлек Шувалов Еуразиялық одақ бойынша өзге де серіктестердің аталмыш позицияны қолдайтынынан үмітті.

«Еуразиялық серіктестік құндылықтарының көшбасшысы ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты үлгі тұтамыз. Қазақстанда алға ілгерілеу бастамасы қалыптасады деп сенеміз», – деді ол.

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір