• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:56:30
+35°

02 Тамыз, 2017 NEWS

Мысырда ұсталған қазақстандықтар елге қайтарылды

1 тамызда Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан елшілігімен байланысқа түсіп, ұсталған қазақстандық жастардың елге қайтарылатынын хабарлады.

Мысырда ұсталған қазақстандық алты азамат елге қайтып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

«Қазақстандық дипломаттар еліміздің 6 азаматын Қазақстанға қайтару үшін оларды Каир әуежайына жеткізеді.

1 тамызда кешкі уақытта Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан елшілігімен байланысқа түсіп, ұсталған қазақстандық жастардың елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан елшісі бірден әуежайға бет алып, қазақстандық азаматтармен кездесті. Жақын уақытта 6 азамат Қазақстанда болады. Олардың жағдайлары жақсы», - деп жазды Жайнақов.

Алайда азаматтардың ұсталу себебі әлі анықталмаған. Мысыр билігінің мәліметінше, құқық қорғау органдары қазақстандықтардың ұсталуына байланысты қосымша мәлімет береді.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын қазақстандық 6 студенттің Мсырыда із-түссіз жоғалғаны хабарланған. Іздеу жұмыстары нәтижесінде 6 студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отырғаны анықталды.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір