01 Тамыз, 2017 Әлеумет

Берел қорымынан тағы бір Алтын адам табылды (фото)

Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде тағы бір Алтын адам табылды.

Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан тағы бір Алтын адам табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, саясаттанушы Берік Әбіғалиұлы өзінің Фейсбук парақшасында мәлім етті.

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іс-сапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», - деп жазды қоғам қайраткері өз парақшасына.

Бұған дейін археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топ бірнеше қазба жұмыстарын жасап, сәтті нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір