• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:50:27
Алматы
+35°

11 Шілде, 2017 NEWS

ХАЛЫҚ БАНКІ ҚАЗКОМДЫ САТЫП АЛДЫ. НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Халық банкі Қазкомның акциясын сатып алды. Енді клиенттер үшін не өзгермек? Бұл жайында Халық банктің басшылығы айтып берді.

Халық банкі Қазкомның акциясын сатып алды. Енді клиенттер үшін не өзгермек? Бұл жайында Халық банктің басшылығы айтып берді.

Халық банкі Қазком акциясының 96,81%-ын сатып алды. Бұдан бұрын БТА банкі Қазкомға 2,4 трлн теңге көлеміндегі қарызын қайтарған. Оның үстіне, Қазкомда 185 млрд теңге көлеміндегі капитал өсімі жоспарланған.

Аталмыш келісім екі банктің клиенттері үшін қандай өзгерістер алып келмек, шарттары мен депозиттері не болмақ, қандай қызметтер ұсынылмақ? Informburo.kz порталының мәліметіне сүйене отырып, Қамшы ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Қазком жеке жұмыс істейтін болады

Клиенттер арасындағы ең маңызды сұрақ: Қазком енді болмай ма әлде өзінің бұрынғы атымен жұмысын жалғастыра ма? ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінде хабарланғандай, «келісім жасалған соң екі банк өзіндік қаржылық институт ретінде жұмыстарын жалғастыратын болады. Салымшыларының, несие берушілерінің, инвесторларының алдында өз міндеттерін бүрынғыша жалғасытарды». Яғни, әр банк өз брендін сақтап, сол қалпында жұмыс жасайды.

Банктік карточкалар жайлы...

Екі банктің де қарапайым клиенттерін қаржы нарығындағы ірі ойыншылардың мүдделері қызықтырады, ақшалырна не болатыны толғандырады. Бірден мынадай сұрақ туындауы мүмкін: үйреншікті пластикалық карточканы жаңасына ауыстыру керек пе? Жауабы: жоқ. «Қазақстан Халық банкі» АҚ басшысының орынбасары Қазкомның сатылғаны клиенттерге зиянын тигізбейтінін ескертті.Карточка мәселесі бойынша да, депозиттері тұрғысынан да.

«Қазкомның қызметтері сақталады. Шоттағы ақша кез-келген уақытта жарамды. Қазком жеке интститут ретінде депозиттік саясатын жалғастыратын болады. Естеріңізге саламын, Халық банк пен Қазком нарықтағы көшбасшылар».

Онлайн-банкинг сақтала ма?

Сондай-ақ клиенттерді мазалайтын кезекті сұрақ: онлайн-банкингке байланысты өзгерістер. Халық банктің мәлімдемесіне сәйкес, бұл тұрғыдан да қызмет көрсету бұрынғы қалпында қалады.

«Онлайн-банкингтің екі жүйесі – homebank және myhalyk – клиенттері үшін қалыпты режимде қызметін жалғастырады», - деп түсіндірді Халық банкінің өкілі.

Несиені қайта құрылымдау қажет пе?

Өз кезегінде, БТА банктен несие алғандар Қазкомға көшкен сәтте несиелерін де қоса аударған. Әрі бұл процес ұзақ және қиын болды. Тіпті кейбірі әлі күнге дейін аударып бітпеген көрінеді. Ал ендігі өзгерістерге сәйкес Халық банкі еш уайымдауыдң қажеті жоқ екенін мәлім етті.

«қазком клиенттері уайымдайтындай ештеңе жоқ. Несиені Халық банкіне ауыстыру жөнінде жоспар құрылмаған. Бұл келісімді БТА мен Қазкомның келісімімен салыстыруға келмейді. Ол кезде екі банкті кезең бойынша біртіндеп біріктірген – банкоматтары мен бөлімшелері, өнім желілері, тұтынушы негіздері», - деп түсіндірді Марат Әлменов.

Халық банк не себепті Қазкомды сатып алды?

Бір жағынан, бұл келісім елдің қаржылық жүйесін ретке келтіріп, берік етеді. Екінші жағынан, қаржы нарығындағы ойыншылардың санын, сондай-ақ бәсекелестікті қысқартады.

Экономист Айдархан Құсайынов екі банктің келісімін коммерциялық деп бағалады.

«Менің ойымша, бұл келісім – нарықтық. Келісімнің шарты – БТА активтеріндегі проблемалық несиелер қорын сатып алу. БТА Қазком алдындағы 2,4 триллион теңге көлеміндегі қарызын өтеу керек», - деп пікір білдірген Айдрхан Құсайынов.

Экономистің пікірінше, аталмыш келісім арқылы банктік жүйе нығаяды.

Аударған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір