• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:50:36
Алматы
+35°

12 Маусым, 2017 NEWS

ӨСКЕМЕН ТҰРҒЫНЫ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ЖҮГІРІП ЖЕТКЕН

2017 жылдың 9 маусымы қазақ елі үшін тарихи сәтке толықты. Қазақстанды өзге қырынан танытатын, бар әлемге елімізді мойындататын «ЭКСПО-2017»...

2017 жылдың 9 маусымы қазақ елі үшін тарихи сәтке толықты. Қазақстанды өзге қырынан танытатын, бар әлемге елімізді мойындататын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Астана қаласында дәл осы күні ашылды. 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін көрменің басты тақырыбы – «Болашақ қуаты» («Future Energy»).

Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. Көрмені тамшалауға шетелдік қонақтардың санында шек жоқ. 115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растаған.

Шетелдік қонақтардың мақсаты – өзге елде өтетін көрменің ұйымдастырылу дәрежесін бағамдау. Олардың көрмеде жүруі Қазақстан үшін аса қолдау таныта қоймас. Ал өз еліміздің азаматтары елімізде өткен кез-келген іс-шараға атсалысып, қолдау танытып жатса, ел үшін ғанибет деген сол емес пе?

Сондай азаматтың бірі Қытай Халық Республикасының тумасы, бүгінде Өскемен қаласының тұрғыны Ғалымжан Тоқтарұлы. 29 жастағы Қазақстан азаматы көрмеге атсалысу мақсатында Өскемен қаласынан Астанаға дейін жүгіріп жеткен.

«Менің басты мақсатым – халықты ЭКСПО көрмесіне шақыру, көрмені жарнамалау», - деді ер азамат Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісіне айтқан сөзінде.

Ғалымжан Тоқтарұлының сапары 26 маусымда басталған, 9 маусым күні Қоянды ауылына таяп, 10 мауысмда діттеген жеріне жеткен. 16 күнгі сапарында күніне 80 шақырым жолды жүгіріп өткен. Көрмеге аса қызығушылық танытқан қазақ азаматына 1000 шақырымнан астам ұзақ сапарды өткеру оңайға соқпағаны айдан анық, бірақ көздеген мақсатын қалай да жүзеге асырған ол бүгінде көпке арман болған көрмені аралап жүр.

Өскемен қаласының тұрғыны сол аймақта білім алып, сол қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып қызмет атқарған, қазіргі уақытта жұмыссыз. Алайда жұмыссыз болса да, уақытын өз мақсатына жету үшін пайдаланған ер адам көрмені тамашалау үшін жолына кеткен қаржыны өз қалтасынан шығарған.

Ерлан ТӨЛЕУБАЙ

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір