05 Маусым, 2017 NEWS

ТҮРКИЯ ІІМ ФЕТУЛЛАХ ГҮЛЕНДІ АЗАМАТТЫҚТАН АЙЫРАДЫ

Түркия ІІМ шетелде тұратын 130 түрікті азаматтықтан айыру жөнінде хабарлады, 130 азаматтың ішінде оппозициялық дін уағыздаушы Фетуллах Гүлен мен Күрд...

Түркия ІІМ шетелде тұратын 130 түрікті азаматтықтан айыру жөнінде хабарлады, 130 азаматтың ішінде оппозициялық дін уағыздаушы Фетуллах Гүлен мен Күрд халық партиясының екі депутаты бар, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Шетелде тұратын тізімдегі азаматтар шешім жарияланғаннан кейін 3 айдың ішінде Түркияға келіп, ресми органдарға аяқ баспаса, заңға және Қылмыстық Кодекске сәйкес түрік азаматтығынан айырылады», делінген ІІМ шешімінде. Бұл ақпаратты Resmi gazete дүйсенбі күні жариялады.

Ұсынылған тізімде Гүлен мен Күрд халық партиясының екі депутаты Файзал Сарыйылдыз бен Тугба Хезердің де есімдері кездесті.

Түркия Гүленді өткен жылдың шілде айында әскери төңкеріс ұйымдастырды деп айыптап, АҚШ-тан оны беруін талап етті.   

Шолушы: Гүлім Жақан
 

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір