• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:25:49
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2017 NEWS

ӨЗГЕ ҰЛТ ЖІГІТІНЕ «АЛ МЕНІ» ДЕП ТҰРҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ҚОС БІРДЕЙ ҚАРАКӨЗІНІҢ ҚЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?!

Әлемге танымал Albeni шоколад бренді өзінің кезекті жарнамасын шығарған болатын. Бәрімізге мәлім, жарнамада Қазақстанның танымал әншілері Мәдина Сәдуақасова,...

Әлемге танымал Albeni шоколад бренді өзінің кезекті жарнамасын шығарған болатын. Бәрімізге мәлім, жарнамада Қазақстанның танымал әншілері Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова және белгілі рэп орындаушысы Big Som үшеуі бірігіп ән шырқайды.

 Аталмыш шоколад түрі бүгінгі таңда әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Небәрі карамель, шоколад және печенье сынды үш түрлі өнімнің қоспасымен дәмі тіл үйіретін шококлад жасап шығарған түріктің pladis компаниясы халыққа не керек екенін жақсы білді.

Бұған дейін де түрлі нұсқадағы жарнамаларды дүниеге әкелген компания бұл жолы танымал брендін әуен арқылы көрсетпек болған. Осыған байланысты, Орталық Азиядағы pladis компаниясының президенті Шенер Астан музыканың құдыреті жайында пікір білдірген: «Музыка – жүректі тебірентіп, көңілге әсер ететін, түрлі мәдениеттерді біріктіріп, адамдарды бақытқа бөлейтін әмбебап тіл. Сол себепті, екі түрлі аудиторияның бір-бірімен араласып, түсінісуіне мүмкіндік беретін амалды іздеген түрік компаниясы музыкаға келіп оқталған.. Компания ерекшелігі – түркі әлемінің 3 танымал әншісінің орындауындағы үш түрлі жанрды, яғни, поп, рок, ұлттық музыканы біріктіргендегі әдемі үйлесім табатын музыка арқылы Альбенидің өзге өнімдерге ұқсамайтын ерекше дәмін көрсетті, сездірді».

Иә, бұл пікірге қатысты кім де болса дау туғызбас. Шоколадты татып көрген әр адам қайта-қайта жегісі келетін халге түсетіні де жасырын емес. Таза өнім түрі деп мойындайды халық.

Бірақ, біз қозғамақ мәселе шоколад жайында емес, әлгі жарнама жайында болмақ. Қазақтан бір әнші табылмағандай, өзге ұлт өкілінің әншісін дәл қазақ қыздарымен біріктіріп ән шырқатқан мына жарнаманың астарында құйтұрқы саясат жатқан секілді ме деп қаласың. Неге дейсіздер ғой?

Түріктің Albeni деген сөзін қазақ тіліне аударғанда «Ал мені» деген сөз шыға келеді. Шоколадқа бұл ат әдемі жарасып-ақ тұр. Ал, қазақтың қаракөздері, нәзік жандылары әлгі еркектің жанында қылымсып, шын мәнісінде «Ал мені, ал мені» деп тұрғанын бірі білсе, бірі білмес. Мұны әлгі жігітке еркелеп тұрған Мәдинамыз бен Жанарымыз да білмеуі мүмкін. Бірақ, "Альбени" шококладын дүниеге әкелген түрік халқына мұның бәрі аян.

Мұнда тұрған не бар деп те ойларсыз, бәлкім? Жақсы, ән шырқай берсін, жай ғана жарнама үшін болса да. Ал сіз қазақ жігітімен, одан қалса, өзге ұлттың жігітімен қосылып ән шырқаған түріктің қызын көрдіңіз бе? Меніңше, жоқ. Олар әлемдік жарнамаға өз қыздарын өзге ұлттың еркегінің жанында қылымсытып қоймайды да. Әлемдік жарнама былай тұрсын, түріктің еркектері өз ұлтының қыздарын көбіне шекарадан асырмауға, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығармауға тырысады.

Бұл жарнаманы екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың нығайған көрінісінің көрсеткіші деп те ойлауыңыз мүмкін. Негізі мақсаттары да сол болып тұр ғой. Қазақстан мен Түркия бұған дейін бірнеше жобаларды бірге атқарып, талай нәтиже шығарған. Саяси істерден бөлек, естеріңізге сала кетсек, екі ел бірігіп сериал түсірген. Кино әлемінде мемелкеттер арасында алда тұрған Түркия «Астана – махаббатым менің» атты қазақ-түрік киносында режиссерлік еткен. Қазақ жігіті мен түрік қызының, сондай-ақ қазақ қызы мен түрік жігітінің арасындағы сезімді көрсеткен бұл сериалдың идеясы, түпкі мақсаты – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығайғандығының белгісін көрсету болған. Иә, көрсетті де. Бірақ, тек сериалда ғана. Екі елдің саяси-экономикалық ынтымақтастығына шүбәм жоқ. Ал «сезім ынтымақтастығы» жағынан екі ел ешқашан да бірікпейді. Бұған түрік жігіттерінің әр іс-әрекеті дәлел.

Біріншіден, түрік жігіттері өз ұлтының қыздарының арын өзге ұлттың таптауына жол бермейді. Екіншіден, қыздарын қашан да жасырын ұстайды. Көбіне, орамалмен, ұзын етекті көйлектермен жүреді. Мұны Түркияға барып келген адамдардың әңгімесі негізінде жазып отырмын. Үшіншіден, Түркия еркектері елдегі жұмыс атаулының бәрін дерлік өздері атқарады. Ал әйелдері көбіне үйдің шаруасымен айналасалы. Мұның бәрін неге істейді дейсіздер ғой? Себебі, ол мемлекетте жігіттерден гөрі қаздардың саны әлдеқайда аз. Сол үшін де оларды барынша аялап ұстау түрік жігіттерінің ең үлкен міндеттерінің бірі болып саналады. Ал өз елінде қызы аз жігіттердің өзге елдің қыздарына қызықпасына кім кепіл. Қазақтан бастап, күллі түркі әлемінің қыздарын назарларында ұстаған түрік жігіті кез-келгенін айналдырып алуға қауқарлы. Талайын өз елімізде де көріп жүрміз. Тіпті, түріктің танымал актері Бурак Өзживит келе қалса, еліміздің қыздарының 80 пайызы соның маңында жүрер еді. Алып кетем десе, кетуге дайын қыздар. Меніңше, сериалдарын да сол мақсатта түсіреді.

Бірақ не сериалдарына, не түрік азаматымен бас қосқан қазақ қыздарына тоқтау салатын не үлкені, не кішісі табылмай тұрғанда, олар да алдымызда даңдайси түседі. Олар да ұрпақ санын көбейткісі келеді, көп әйел алғысы келеді. Алайда, әр түрік азаматының басты міндеті – әйелі қай ұлт өкілінен болса да, Түркияда өсіп жатқан кез-келген бала түрік мәдениетін, түрік тілін, түрік ділін бойына сусындатып тәрбиеленуі тиіс.

Соны біле тұра, қазақтың қаракөздерін өзге ұлттың еркегінің жанында қылымсып тұрғанын көрген біздің төзіміміз таусылды. Саясаттарын жүзеге асыруына жол бермейік, қазақ қыздарын тек қазақ жігіттері аялай алады, қазақ қыздарының сұлулығы тек қазақ жігіттеріне тән, қазақ қыздарының еркелігін тек қазақ жігіттері көтере алады. Мұндай жарнамаларға жол бермеу де қазақтың намысты жігіттерінің қолында емес пе?!

Қамшыгер: Гүлім ЖАҚАН

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір