• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:19:57
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2017 NEWS

Жасанды интеллект пен әлемдік экономика жайында

Физика және астрономия ғалымдары, медицина, биология мамандары, жасанды интеллект пен IT саласы мен қаржы мамандары күн сайын ақпараттық және технологиялық жаңалықтарға қарай қадам жасайды. Қамшы ақпараттық агенттігі назарларыңызға ертеңгі күнді бүгін қалыптастырып үлгерген адамдардың айтқан дәйексөздерін ұсынады.

Билл Гейтс, кәсіпкер-миллиардер, филантроп, Майкрософт корпорациясының негізін қалаушылардың бірі: «Колледжді енді бітіріп жатқан студенттердің көбі менен карьера жайында ақыл айтуымды сұрайды. Жасанды интеллект, энергетика және биология ғылымы – сіздің өсуіңізге әсер ететін перспективасы мол салалар. Маған бүгін таңдау жасау мүмкіндігі брілсе, дәл осы салалармен айналысар едім. Колледж бітірген кезіме қараймын да, сол сәтте көп нәрсені құр жіберіп алғанымды, кей дүниелерді аңғармағанымыд түсінемін. Мәселен, интеллектің өлшемі жоқ, ол күн сайын әртүрлі нысандарды қабылдайды».

Уоррен Баффет, кәсіпкер-миллиардер, әлемдік инвесордың жетекшісі: «Әмбебап дүкендер бүгінгі таңда онлайнға көшкен. Ал 10 жылдан кейін дәл бүгінгідей болады деп ойламаймын. Сол уақыт ішінде адамзатты таң қалдыратын дүниелер пайда болады. Әлем күннен-күнге дамуда және өте үлкен жылдамдықпен».

Жэньсюнь Хуан, кәсіпкер, Nvidia жоғарғы-технологиялық компаниясының бас директоры: «Бүгінгі жаһандық өнеркәсіпте жасанды интеллектпен жабдықталған кодтардың кейбір бөліктері ғана пайдаланылады. Ол IT-компаниялардың бірнешеуіне мейлінше таралған. Алайда технология саласында жіберіп алған мүмкіндікті, жоғалған пайданы қайтаруға тырысатын компаниялар жетіп артылады. Бағдарламалық қамсызданыдру әлемді жеп түтейді, ал жасанды интеллект бағдарламалық қамсыздандыруды жеп түтейді».

Золтан Иштван, фуртуролог, трансгуманист: «Бүгінгі таңда әлемдік экономика үшін шайқас жүріп жатыр. Алдағы он жылдықта жеңімпаз анықталады: не капитализм жеңеді, не оның орнын квазисоциалзим басады, әлемді роботтар басқарады, адамдар мемлекеттің есебінен өмір сүретін заман туады. Көптеген сарапшылардың ойынша кең ауқымды автоматтандыру шарасыз. Тіпті әлемдегі ең үлкен Bridgewater Associates хедж-қоры жоғары білімді және автоматтандыру барысында зақымданбайтын қызметкерлерін жасанды интеллектпен ауыстырмақ жайында жоспарын мәлімдеген. Яғни, роботтардың қолынан бәрі келеді деген сөз. Бізден кейінгі буынның технологиясы – капитализмнің құтқарушысы. Нейроимпланттар мен нейронды шілтер сіздің ми толқындарыңызды оқитын технология болып табылады. Бұл технология біздің миымызды жасанды интеллект және бұлтты сервермен біріктіруге уәде береді».

Шолушы: Гүлім Жақан

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір