• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:45:47
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2017 NEWS

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ КІМНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА?

Қазақстанда БАҚ-ның көпшілігі белгілі бір ұйымға немесе басшылыққа қарайды, кез-келген жағдайда солардың қолдауына жүгінеді. Алайда, құпияны 3 адам білсе,...

Қазақстанда БАҚ-ның көпшілігі белгілі бір ұйымға немесе басшылыққа қарайды, кез-келген жағдайда солардың қолдауына жүгінеді. Алайда, құпияны 3 адам білсе, дүйім жұртқа мәлім болатыны да өтірік емес. Ферғана ақпараттық агенттігінің сарапшылары Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдардың бағынышты иелерін анықтап, тізімін жасады.

Қазақстанда ресми түрде 2000-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, алайда олардың көбі дерлік қарапайым статист емес.

Қаражаттың аздығы мен материалдық базаның жетіспеушілігінің кесірінен кейбір басылымдардың жеке контенттері мен жаңалықтар таспасы мемлекеттегі қоғамдық пікірдің туындауына әсерін тигізбейді. Қазақстандағы ақпараттық-аналитикалық алаңды көбіне астаналық және сирек түрде алматылық БАҚ басқарып тұр. Олар белігілі бір топтың, ұйымның тікелей бақылауына алынған.

Елімізде мұндай басылымдардың 100 шақтысы жұмыс жасайды, қаржы мәселесінде қиындықтар тумайды, техникалық жағынан да жоғары деңгейде қамтамасыз етілген, сондай-ақ елдің әр өңірінде бұл басылымдардың тілшілері жұмыс жасайды. Сонымен қоса, мұндай басылымдар маңызды ережені есте сақтаулары тиіс. Қазақстанда БАҚ бақыланатындықтан, бұл басылымдар өздерінің ақпараттық саясаты оларды басқарып отырған топтың мүддесімен санасуы тиіс. Қазақстандық ақпараттық құралдырдың кімге тәуелді екенін біле тұра, телеарналардағы, интернет-басылымдардағы шулы ақпарттарға тапсырыс берген автордың да кім екенін анықтау қиын емес.

Ендігі назарларыңызға танымал интернет баслымыдардың шын мәнісінде кімге, қай ұйымға тәуелді екені анықталған тізімді ұсынбақпыз.

Дариға Назарбаеваның медиа-империясы

«Ферғана» сарапшыларының мәліметінше, өз қауіпсіздігі үшін есімін жасырған, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстандағы ең алып медиа-магнат –  Президенттің үлкен қызы, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және Парламент Сенатының қауіпсіздік жөніндегі Тұрақты комитетінің төрағасы – Дариға Назарбаева. Еске сала кетейік, Назарбаева 2008 жылы «Хабар» агенттіне кіретін «Хабар», «24.kz», «Ел Арна» және Kazakh-TV телеарналарының акцияларын «Самғау» ақпараттық технологияның мемлекеттік холдингіне 100 миллион долларға сатқан еді. Алайда, Назарбаева ол басылымдардың әр қадамын аңдып отырғаны айдан анық.

Сарапшылардың дерегінше, «Хабар» агенттігінің телеарналарынан бөлек, Дариға Назарбаеваның медиа-империясына мына бұқаралық ақпарат құралдары кіреді:

-«КТК» арнасы (толық бақылау);

-«НТК» арнасы (толық бақылау);

-«Евразия – Бірінші арнасы» (мемлекеттік «Қазақстан» теле-радио корпорациясымен ішінара бірлескен);

-«ON-ТВ» (толық бақылау);

-MuzzON (Арманжан Байтасовтың ұйымымен бірлескен толық бақылау);

-HIT-TV арнасы (толық бақылау – Д. Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Алиевтің «Шахар» ұйымына кіреді);

-«Алма-ТВ» кабельдік телевидение (бақылау);

-ICON кабельдік телевидениесі (2017 жылдың наурызында А. Байтасовтың тобына қосылғанына байланысты толық бақылау);    

-«Европа плюс Қазақстан» радиостанциясы (толық бақылау);

-«Хит-FM – Қазақстан» радиостанциясы (толық бақылау);

-«Русское радио Азия» радиостанция (толық бақылау);

-«Classic FM» радиостанциясы (толық бақылау);

-«Ретро FM» радиостанциясы (толық бақылау);

-Energy FM радиостанциясы (Нұрәлі Алиевтің «Шахар» тобына кіргендіктен толық бақылау);

-«Караван» газеті (толық бақылау);

-«Новое поколние» газеті (миллионер Рашид Сәрсеновпен біріккен ішінара бақылау);

-«Forbes-Казахстан» журналы (толық бақылау);

-«Московский Комсомолец в Казахстане» газеті (ішінара бақылау);

-forbes.kz интернет-басылымы;

-365info.kz (толық бақылау);

-caravan.kz  медиа-порталы (толық бақылау);

-zakon.kz инернет-порталы;

-nur.kz инернет-агрегатор (ішінара бақылау).  

Тимур Құлыбаевтың ықпалындағы бұқаралық ақпарат құралдары

Дариға Назарбаеваның медиа-империясының жанында оның туған сіңлісі Динараның күйеуі – «Атамекен» Қазақстан палатасы кәсіпкерлер президиумының басшысы Тимур Құлыбаевтың БАҚ активтері тым қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда, Ферғана сарапшылары бұл басылымдардың қоғамдық пікірлердің қалыптасуына ықпалы аз емес, сондай-ақ мемлекеттің саяси және экономикалық шешімдерін қабылдауда да ықпалы зор екенін айтады. Назарбаева секілді Тимур Кұлыбаев та интернет-басылымдарға қатысы бар екенін халықтан жасырын ұстайды, алайда қазақстандық мына медиа-ресурстар оның бақылауында:

-Atameken Business Chanel телеарнасы;

-Central Asia Monitor газеті;

-«Капитал» газеті;

-«Курсив» газеті;

-«Жас Алаш» газеті;

-«Комсомольская правда Казахстан» газеті;

-dialog.kz интернет-басылымы;

-sports.kz интернет-басылымы;

-contur.kz интернет-басылымы;

-abai.kz интернет-басылымы;

-better.kz интернет-басылымы;

-spik.kz интернет-басылымы;

-bnews.kz ақпараттық-аналитикалық порталы;

-today.kz ақпараттық агенттігі;

-kaztag.kz ақпараттық агенттігі.

Бұрынғы премьер-министрдің басылымы

«Ферғана» сарапшылары Қазақстандағы ақпараттық алаңның ең «беделді ойыншысы» деп бұрынғы премьер-министр, Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздігі комитетінің басшысы – Кәрім Мәсімовты атады. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, Мәсімов өзінің жеке медиа-құрылымын қалыптастыруға небәрі 7 жыл бұрын кіріскен. Ол ресейлік немесе украиндық ұйымдардың қызметтерін пайдаланбай, өз бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру үшін Батыс Еуропадан, дәлірек айтсақ, Германиядан арнайы мамандар шақыртқан. Бұрынғы премьер-министрдің бұл қадамы бүгінгі Қазақстан үшін өз жемісін көрсетті. Кәрім Мәсімовтың бақылауындағы медиа-ресурстар бір жылдан кейін-ақ қазақстандық миллиардер Александр Клебановтың көмегімен мемлекеттегі ең танымал бұқаралық ақпарат құралдарына айналды. Құдыретті деп танылған арнайы қызметкердің басшылығындағы медиа-ресуртарға мыналар жатады;

-СТВ телеарнасы;

-«7 арна»;

-«Tengri-FM» радиостанциясы;

-«Жулдыз-FM» радиостанциясы;

-«Tengri-TV» интернет-телеарнасы;

-«Алаш Айнасы» газеті;

-vesti.kz спорттық интернет-басылым;

- tengrinews.kz. ақпараттық аналитикалық портал.

Миллиардер баспасөзі

Сондай-ақ, Қазақстанда өзінің жеке ақпарат құралдарын жасырмаған ресми миллиардер бар.  Ендігі әңгіме ҚР Президентінің істерін басқарған Болат Өтемұратов жайында болмақ. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағы либералды тұлға. «Ферғана» сарапшыларының есептеуінше, Өтемұратов өзіне бағынышты редакциялардың жұмысына араласпайды. Ол басылымдар Қазақстандағы ең шулы ақпараттарды жариялайды. Алайда, ҚР ең бай адамдарының бірі оларға оппозициялық тақырыптарды қозғауға рұқсат бергенімен, ол өз басшылығындағы БАҚ-тарға өзін және президент Назарбаевты сынға алмауға бұйырды. Болат Өтемұратовқа тән бұқаралық ақпарат құралдары:

-«31 арна» телекомпаниясы;

- «Love radio - Казахстан» радиостанциясы;

-«Информюро-Мегаполис» газеті;

-«DAT – қоғамдық позиция» газеті;

-informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталы;

-voxpopuli.kz интернет басылымы.

Тікелей және жанама

Қазақстанда түрлі басылымдарды басқарып отырған тікелей және жанама қаржылық-өнеркәсіптік топтар да жетерлік. Тізімдері төмендегідей:

-Танымал басылым «Экспресс-К» газетін ашықты түрде бақылап отырған миллиардерлер Александр Машкевич, Патох Шодиев, Алижан Ибрагимовардың корпорациясы – Eurasian Resources Group (ERG).

-Президент әкімшілігінің экс-басшысы, бүгінгі күні Қазақстан Парламенті Мәжілісінің басшысы Нұрлан Нығматуллиннің тобына кіретін басылымдар: «Новое телевидение» қарағандылық телеарнасы, ratel.kz,  vlast.kz және «Жас Алаш» газеттері.

-«Ферғана» сарапшыларының дерегінше, Президент әкімшілігінің бүгінгі таңдағы басшысы Әділбек Жақсыбековтың ықпалындағы топтарға кіретін басылымдар: «Астана» арнасы, «Астана FM» және «Орда FM» радиостанциялары т.б. басылымдар.

Мемлекет қарамағында  

«Ферғана» сарапшылары Қазақстан Президенті әкімшілігінің бақылауындағы және жартылай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын да назардан тыс қалдырмады. Олардың қатарына кіретін баслымдар мыналар:

- «Казахстан» телекомпаниясы, мемлекеттің әр облысындағы филиалдарының бәріне қатысты;

- «Отау-ТВ» спутниктік телевидениесі;

-«Шалқар» радиостанциясы;

-«Қазақ радиосы»;

- «NS» радиостанциясы;

-«Время» газеті;

-«Айқын» газеті;

-«Литер» газеті;

-«Түркістан» газеті;

-«Бәйтерек» журналы;

-«ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі.

Бұл жарияланғандар белгілі бір топқа, ұйымға бағыншты басылымдар. Ал тәуелсіз басылымдардың көбі қоғамдық пікірдің қалыптасуына тигізер ықпалы азды-кем. Бұлай болу себебі, біріншіден, БАҚ саласындағы қатаң заңдық тұрғыдан шектеу, екіншіден, Қазақстанның бүкіл аймағын қамтитындай қажетті құралдардың жетіспеушілігі.

Аударған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір