16 Мамыр, 2017 NEWS

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ «ҚАЗКОМДЫ» САТЫП АЛМАҚ

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова 2017 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ...

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова 2017 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ біріктірілген қаржылық нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«2017 жылғы 1-тоқсанның аяғында, Қазақстан Халық Банкі Қазақстанда активтері мен меншікті капиталының мөлшері бойынша № 1 банк болып табылады. Қазіргі белгісіз экономикалық жағдайда Қазақстан Халық Банкі есепті кезеңде тамаша нәтиже көрсетті: 38,5 млрд көлемінде таза табыс алынды, ол өткен жылмен салыстырғанда 68 %-ға жоғары, банк капиталы минималды нормативті талаптардан әлдеқайда жоғарылады, төлемпаздық бойынша активтердің ортақ көлемі – 47,5%-ды құрап, тұрақты күйінде қалды. Бұл банкке мамыр айының басындақосымша қарыз алу немесе қайта қаржыландырудың қажетінсіз, банктің өз есебінен 638 мың АҚШ доллары көлемінде 10 жылдық еурооблигацияларды толық өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Халық Банкі бөлшек сауда, шағын және орта бизнес, экономиканың нақты секторын несиелеу сияқты негізгі принциптерімізге негізделген даму стратегиямызды дәйекті түрде іске асырамыз», - деп мәлімдеді Үміт Шаяхметова.

Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы Қазкомды сатып алу процесінің қалай жүріп жатқандығы жайында да сөз озғады. Оның айтуынша, Қазком акцияларын 22,9 млрд теңгеге орналастыру ниетте, бұл көрсеткіш ағымдағы көлемнен 22 есеге артық.

«Мәмілеге сай Халық Банкі бұл акцияларды сатып алуға қатысады. Егер келісім аяқталса, Халық Банкі Қазкомды сатып алады, ал бұл тек акциялары сатып алғаннан кейін жүзеге асуы мүмкін», - деді Шаяхметова.

Яғни келісім сәтті аяқталса, Казкоммерцбанк Халық Банкінің еншілес ұйымы болып шығады. Алайда, қиындықтарға байланысты мәміленің аяталу мерзімі кейінге қалдырылуда.

«Біз мамырдың аяғында бәрі нақтыланады деп күткен едік. Бірақ белгілі бір операциялық жүйелерге байланысты, бастапқы мерзім кейінге қалдырылды. Біз жауабын алмаған сұрақтар әлі де бар», деді ол.

Одан бөлек, Шаяхметова «Алтын банктің» акцияларының 60%-ын қытай банкіне сату туралы да айтып берді. Бұл келісімшартқа 2017 жылдың екінші жартысында қол қойылады.

2017 жылдың 1-тоқсанында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ активтері 01.01.2017 жылмен салыстырғанда теңге бағамының АҚШ долларына қатысты валюта баланс баптарын қайта нығайтуңа байланысты есебінен 2017 жылдың 1-тоқсанында 2,8%-ға төмендеп, 5201 млрд теңгені құрады.

2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда Қазақстан Халық Банкінің таза кіріс мөлшері 67,9%-ға өсіп, 38 млрд теңгені құрады.

Қамшыгер: Гүлім Жақан

 

Gulim Zhaqan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистиетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірдім. 2017 жылдан бері Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісімін. 2016 жылы оқуды бітіргенімде ұстаздық ету немесе журналист болу деген екі түрлі таңдау тұрды алдымда. Біріншісін көрейін деп алғашында кішігірім курстарда сабақ беруден бастадым. Кішігірім курстардың өзінен шабыт ала алмаған мен өзгеден бұрын өзіңе үйретерің көп болуы тиіс білім бұлағы мектепке барудан тартындым. Сөйтіп шабыттардың, шығармашылықтардың мекені - журналистикадан бірақ шықтым. Жаздым, жазып жүрмін, жаза беремін - бұл менің өмірім! Болашақта өзге басылымдарға ауыссам да, қамшы қолымнан ешқашан түспейді. Осыны түсіндім.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір