• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:51:36
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2017 NEWS

ҚАЗАҚСТАН МЕН ФИНЛЯНДИЯ ДОСТЫҒЫНА - 25 ЖЫЛ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Бүгін Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, Астанада арнайы баспасөз мәслиxаты өтті....

Бүгін Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, Астанада арнайы баспасөз мәслиxаты өтті. Ал ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов өз әріптесіне құттықтау xатын жолдады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

ҚазАқпараттың мәліметінше, баспасөз мәслиxатына қатысқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко екі ел арасындағы байланыстар жайында айта келе, Финляндияның Солтүстік Еуропа елдері ішінде Қазақстан экономикасына ақша салып жатқан ірі инвестор екенін ерекше атап өтті. Оның инвестициясы 300 млн АҚШ долларынан асып отыр. «Қазіргі кезде Қазақстанда 70-тен астам фин компаниялары жұмыс істеп жатыр. Олар энергетика, телекоммуникация, көлік, логистика, тау-кен, ауыл шаруашылығы, өңдеу кәсібі, тұрғын үй және тағы басқа салаларда еңбек етіп жүр», - деді Василенко.

 Оның айтуынша, қазіргі әріптестік одан да кеңеюі әбден мүмкін. Себебі Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысы жандана түсті. Комиссияның соңғы отырысында энергетика, білім, ауыл шаруашылығы, көлік пен логистика бойынша бірнеше жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Екі елдің бизнес жолы да өзара тығыз байланыстарға өз үлесін қосып келеді. Бұдан бөлек, білім мен инновациялар саласындағы қарым-қатынас нығайып жатыр. Мәселен, соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанның 20-дан астам ұшқышы Финляндиның азаматтық авиация мектебінде арнайы дайындықтан өтті. Оған қоса, 100-ден астам мемлекеттік қызметкер өз біліктіліктерін шыңдап қайтты. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында фин елінде білім алып жүрген жастар аз емес.

Өз кезегінде Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Илкка Райсанен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға беріп, қазіргі байланыстарды әлі де нығайту қажеттігін жеткізді. «Финляндия үшін Қазақстан Орталық Азияға жол ашатын қақпа іспетті. Біз де Қазақстан үшін бүкіл Солтүстік Еуропа аймағының қақпасы бола аламыз деп сенемін. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынымызға қуаныштымыз. Себебі дәл осы жылы біз тәуелсіздігіміздің 100 жылдығын, сондай-ақ екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Райсанен.

Баспасөз мәслиxаты барысында Василенко екі ел арасындағы дипломатиялвқ қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай министр Қайрат Әбдіраxмановтың Финляндияның сыртқы істер ведомство басшысы Тимо Сойниге арнаған құттықтау xатын елшіге тапсырды.

Айта кетейік, Финляндияның президенті Саули Ниннисте Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне келуді жоспарлап отыр

Шолушы: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір