• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:45:19
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕПУТАТТАРДЫ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК ПЕН ПӘТЕРДЕН АЙЫРУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ТАСТАЛДЫ

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Мемлекет депутаттарды ойлап, еркелетіп, айлығын көтеріп, қас-қабағына қараумен болды. Олар болса, елді, жерді...

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Мемлекет депутаттарды ойлап, еркелетіп, айлығын көтеріп, қас-қабағына қараумен болды. Олар болса, елді, жерді ойлаудың орнына, терезеге телміріп отыра берді. (Бәріне қатысты айтылмаған) Бұл жерде депутаттарды баламен салыстырудың да сырын оқырман түсінген болар... Баланы жеті жасқа дейін хандай күт, жеті жастан кейін құлша жұмса. Мемлекет осыны ұстанғандай. Оған дәлел қоғам белсенділері депутаттардың «еркеліктерін» көтере бермей, оларға жұмсалып жатқан шығын, халықтың қалтасынан беріліп жатқан қаражатты қысқартуды ұсыныс етіпті.

«Халық бірлігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, заңгер Мақсат Ілиясұлы депутаттарды қызметтік көлік пен пәтерден айыру жөнінде ұсыныс тастапты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жөнінде заңгер өзінің Фейсбук парақшасында жазған. Мазмұны төмендегідей:

«ҚР қос палаталы Парламентіндегі депутаттар саны – 154. Кейбір деректерге сүйенсек, қос палаталы Парламенті депутаттарының шығыны жыл сайын 15 миллиард теңгеге дейін жетеді екен. Яғни мемлекет бір депутатқа 100 миллион теңге жұмсаса, әр депутат үшін қазынада күніне 380 мың теңге сақталған. Паралмент мұндай шығынға лайық па? Меніңше, жоқ. Бәрімізге мәлім, депутаттар арасында үйсіз-күйсіз жүргендер жоқ, бәрінің жағдайы жақсы: пәтер дейсің бе, көлік дейсің бе, бәрі бар, ақшалары да жетіп артылады».

Осыларды негізге ала отырып, дағдарыс уақытында депутаттарды қызметтік көлік пен пәтерден айыру жөнінде ұсыныс тастады.

«Сондай-ақ, президент әкімшілігінің, билік пен облыс әкімдігіне бөлінетін қызметтік көліктер санын азайтуды ұсынамын. Қызметтік көліктер мен гараждарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қазынадан қомақты сома кетеді» дейді Ілиясов.

Қоғам қайраткері сол ақша балаларды тамақтандыруға жұмсалса деген игі ойымен де бөлісіп қалды.

Қоғам қайраткерінің мына айтқанын ескеріп, бір мәселеге тоқталып кеткенді жөн көрдік. Сәуірдің басында депутаттардың жалақысын көтеру жөнінде ақпарат таралғаны бәрімізге мәлім. Ақпарат таратушылардың келтірген дерегіне сай 1 наурыздан бастап Мәжіліс депутаттарының айлығы 30 пайызға артқан. Жалпы алғанда, мәжілісмендердің орташа жалақысы бұған дейін 500 мың теңгені құраған. Ал қазір 50 пайызға, тіпті 30 пайызға көтерілсе, ендігі жалақысы қанша болатынын елестетіп көріңіздер.

Бұған депутаттардың төбесі көкке жетіп, қуанған еді. ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың  пікірінен осыны байқауға болады.

«Саяси қызметкерлер арасында жалақысы соңғы боп өскен осы депутаттар, Негізі бұл шешім осыдан 4 жыл бұрын қабылданып қойылған еді. Министрліктер мен өзге де ведомстволардағы жалақыны біртіндеп өсіремін дегенше 4 жыл өтіп кетті. Міне, енді біздің кезегіміз келді», - деп мәз-мейрам болған болатын Владимир Божко.

Төбелері көкке жеткен депутаттар мына ұсынысты естігенде қуаншытары су сепкендей басылады-ау. Билік тарапы аталмыш ұсынысты қабылдай ма, қабылдамай ма, бізге беймәлім, алайда қарапайым халық үнсіз қалмай, қолдап-қолпаштары сөзсіз. 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір