• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:17:31
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 NEWS

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Время» газетінің тілшісіне берген сұхбатында Димаш Құдайбергенге мемлекет тарапынан қашан да қолдау көрсетіліп жүретінін айтты.  Бүгінгі таңда халық арасында «Мәдениет министрлігі Димаш аса танымалдылыққа ие болған соң ғана жетістігіне ортақтасып жүр» деген қауесетке қатысты пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, әңгіме барысында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін іс-шаралар жөнінде ойын айтты. Мәселен, Рианнаның уәде етілген концерті өтпейтін болыпты. Мұның себебін сұрағанда, Мұхамедиұлы іркілместен Димашты Рианнадан артық қоятынын айтты.

«ЭКСПО-2017 үшін министрлік дайындаған мәдени бағдарламға шетел әншілерінің қатысы жоқ. Біздің міндетіміз – Қазақстанның көпұлтты өнерінің жетістіктерін, ең жақсы театрлары мен мұражайларын көрсету. Мәселен, мен Димаш Құдайбергенді концертке қуана-қуана шақыра аламын. 27 маусымда «Астана Арена» оның арқасында толып отыратынына сенімдімін. Мен Рианна мен Мадоннадан гөрі Димаш Құдайбергеннің концертін күтемін».

Сонымен қоса, Димаш Қытайға барып, таланты ел асып келген соң ғана министрлік оны қолдай бастады дегендерді сынап, осы уақытқа дейін қазақтың талант иесін қашан да биікке көтеріп жүргендерін айтты.

«Мен Димашты алғаш 2012 жылы «Жас қанат» байқауында көргенмін, содан бері онымен араласып келемін. Осы уақытқа дейін Димаш халықаралық, мемлекеттік іс-шараларға қатысып келді, оның репертуарын, деңгейін жақсы білеміз. Ол – Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті. Сөйтіп, біз мемлекет атынан Димашты «Славян базарына» жібердік, ол жеңіспен оралды. Қытайдың Hunan телеарнасында өткен байқауға Мәдениет министрлігінің қаржысы есебінен барды. Жоба барысында Димаш қазақ әнін шырқайтын кезде біз өнер академиясының фольклорлық-музыкалық тобын жібердік, сондай-ақ, Димаш пен оның Отаны Қазақстан туралы фильм түсірген Hunan TV арнасы түсірілім тобының Астанаға келуіне жәрдемдестік. Димаштың 2016 жылдың қыркүйегінен бері «Қазақконцерттің» штаттағы қызметкері екенін екінің бірі біле бермейді. Бұл да мемлекеттің қолдауы. Димаш Құдайберген – барша халқымыздың мақтанышы, сөзсіз талант иесі. Біз жас таланттың ашылуына көмектесіп жатырмыз, ол біздің міндетіміз. Және Димашты жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін».

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір