• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:41:24
+35°

22 Сәуір, 2017 NEWS

БЕТТІ ТҰМШАЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ (ВИДЕО)

Жыл соңына дейін хиджаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Астана арнасының тілшісіне берген сұхбатында Дін істері және азаматтық қоғам...

Жыл соңына дейін хиджаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Астана арнасының тілшісіне берген сұхбатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бақыт Күлекеев айтты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Астана жаңалықтарына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өзге елдің ұлттық киімін киетін негізінен Атырау, Ақтөбе мен Алматы облысының қыз-келіншектері. Қазір министрлік мамандары заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған. Құжат жылдың соңына дейін үкіметке ұсынылатын көрінеді.

Бақытжан Күлекеев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитеті төрағасы міндетін атқарушы:

«Елбасымыздың айтылған сөзінен кейін тиісті тапсырма келеді. Қазірдің өзінде бұл мәселе біз көңіл аударып, зерттеудеміз. Әрине, тыйым салына ма? Қандай түрде, қандай деңгейде салынады? Оның барлығын ойластыру керекпіз. Ал заңнамалық өзгерістерде қараймыз. Мемлекеттік органдардың пікірін жинақтап, сол кезде енуі мүмкін». 

Еске сала кетейік, 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М.Тәжин, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсенбай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты. Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.
 

Сондай-ақ форумда Елбасы жас ұрпақтың діни сауатсыздығына айрықша назар аударып, былай деген:

«Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді».
 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір