• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:36:42
Алматы
+35°

Жемқорлық – Ресей Федерациясындағы ең өзекті мәселе

Жемқорлық жөнінен Ресей алдыңғы қатардағы мемлекеттің бірі болып табылады. Николай Бердияев 1915 жылы жазған «Психология русского народа. Душа России» атты мақаласында былай дейді: «Ресей — адам естімеген сервилизм мен ақылға сыймайтын көнбістіктің  елі. Мұнда адамның құқығы деген ұғымның өзі жоқ, сол себепті ешкімнің де намысы қорғалмайды».

Николай І патша кезінде «Ресейді мен билеп отырған жоқпын, шенеуніктер билеп  отыр», – депті. Ресей — ежелден миллиондаған шенеуніктер мекендеген ел. Ресей империясының территориясында адам сәт сайын деспотпен, тиранмен кездесіп отырады. Мейлі, ол жатақхананың вахтері, полицияның бастығы болсын, бір қап анықтама сұрайтын, паспорт үстелінде отырған қыз, я заттарыңызды ақтарып жатқан кеденші болсын, бәрібір, бұлардың барлығы үлкенді-кішілі тирандар. Осындай сәттерде адамның бойын әлдебір қорлық сезім, әлдебір үрей билейді. Бұл – құлдық сезім».

Кеңестік кезеңде де Хрущевтің: «Орыс халқы бір тойымсыз халық. Күні-түні ұрлай береді, ұрлай береді, әйтеуір, тыныш болса болды, ұрлай берсін», — деуі жемқорлыққа жол ашып берді. Қазіргі таңда Ресей үлкен ұрлықтың астында  қалып отыр. Ресейдегі жемқорлық қылмыстан келген шығын 2013 жылы 21 миллиард рубльді құраған.

Халықаралық «Тransprency Іnternatіonal» ұйымы сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттердің рейтингінде алдыңғы қатарда Ресей, Гайана, Гондурас, Иран елдері тұр.

26 наурызда Ресейдің бірнеше қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өтті

Саясаткер Алексей Навальныйдың бастауымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция 26 наурыз күні, жексенбіде Ресейдің бірнеше қалаласында өтті.

Алексей Навальный жетекшілік ететін жемқорлықпен күрес қоры наурыздың 2-сі күні жариялаған зерттеу қорытындысында «премьер-министр Дмитрий Медведевтің Ресейдегі және шетелдегі заңсыз жолмен келген қымбат жылжымайтын дүние-мүлкі» туралы деректер келтірілген. Навальный Медведевті «сенімді адамдары басқаратын қайырымдылық қорлары негізінде сан қатпардан тұратын коррупциялық желі құрған» деп айыптады. Ресей үкіметі бұл ақпаратты «үгіт-насихатты көздеген» деп атап, оған қатысты түсініктеме беруден бас тартқан соң Навальный жақтастарын наурыздың 26-сы күні жемқорлыққа қарсы шеруге шығуға шақырған.

Митинг Ресейдің бірнеше қалаларында өтті, мыңдаған адам тұтқындалды

Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Мәскеуде акцияға қатысушылар саны 25-30 мың адам, ал жалпы ел бойынша 150 мыңға жуық болғанын айтуда.

Мәскеуде ең көбі 500 адам ұсталды. Бұндай сан 2012 жылы Мәскеудің Болотной алаңында өткен шеру кезінде де орын алмаған. Ұсталғандар ішінде кәмелет жасқа толмағандар да бар. Оларға Ресейдің 20.2 КоАП бабы бойынша хаттама толтырылатын болады.

Новосибирск қаласында митингке 2000 адам қатысты. Қала билігінің келісімімен «Глобус» театрының маңында өткен митингке тіркелмеген Өрлеу Партиясының өкілі Андрей Гладченко қатысты. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының басшысы Алексей Навальный жиналған қауыммен Skype желісі арқылы тілдесті.

Владивасток қаласында келісімсіз түрде жүздеген адам митингке шықты. Полиция қызметкерлері 20 қатысушыны ұстап, бірнеше сағаттардан кейін босатты.

Хабаровскте полиция митинг ұйымдастырушысын ұстап, нәтижесінде екі жүздей адам қаланың орталығына бағытталған. Ішкі істер министрлігі жетекшісінің мәліметінше Хабаровск маңында 90 шақты адам қатысып, оның 12-сіне хаттама толтырылды.

Екатеринбургта Еңбек алаңына жиналған митингке қатысушылардан 3-еуі тұтқындалды. Челябинск қаласында мыңдаған адам шеруге шыққан екен. Қатысушылар қолдарына сары түсті резеңке үйрекшелерді ұстап, Дмитрий Медведьевтің премьер-министрліктен босатылуын талап етті. Митинг аяқатлған соң қатысушылар облыстық заңнамалық жиналыстар өтетін ғимаратқа қарай бағытталды. Полиция қызметкерлері оларды ұстауға тырыспаған.  

Қатысушылардың саны жағынан ең көп болған аймақтар Йошкар-Ол, Томск, Чита, Барнаул, Уфа, Иркутск, Краснояарск, Новокузнецк, Түмен, Саратова, Омск, Комсомольск-на-Амур, сондай-ақ Махачка қалаларында болды. Жалпы бұл күні Ресейдің жүз шақты қаласында митинг өту жоспарланған. Онымен қоса, шет елдік Лондон, Прага, Дюссельдорф және Бонна қалалары да қалыс қалмады.

Алексей Навальныйдың жақтаушылары қатысқан ең көлемді акция Мәскеу мен Санкт-Петербургте болды.

Ең көп қатысушылар Пушкин алаңына жиналған

Акцияға қатысушылардың қатарында бірі Ресей туын ұстап шықса, енді кейбірі кроссовкиларымен шықты. Адамдарға кроссовкиларды мойындарына байлап Тверь бойымен жүріп өтуді Навальный ұсынды. Акцияның басталғанынан 15 минут уақыт өткен соң акция ұйымдастырушысы Алексей Навальный ұсталды. Оны «Станиславтық электротеатр» маңындағы автозакқа отырғызды. Оны білген жұрт автозактың маңына жиналып, шу шығарды.

«Менің жағдайым жақсы. Сендер одан да Тверь көшесінің бойымен жүріңдер. Біздің бүгінгі үлкен тақырыбымыз – жемқолықпен күрес», - деп жазған Навальный өзінің Твиттер парақшасына.

Тверск бойындағы шеру Мәскеу әкімдігінің келісімінсіз өтті. Әкімдік акцияны Сокольник және Марьино бойында өткізуге рұқсат еткен, алайда ұйымдастырушылар оған келісе қоймады. Мәскеудің альтернативті аймақтары болғандықтан Алексей Навальный бәрін Тверь көшелерінің бойына жиналуға шақырды.

 Алексей Навальный өзінің сайтында 72 қаланың 63-інде міндетті түрде өткізілуі тиіс екенін жазған. 21 қалада акция өткізілуіне қала әкімдігі арнайы рұқсат берген. Одан басқа, 84 қала акция өткізуге сақадай сай болды. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков көшеге шығып, халықты арандату заңсыздық деп атап өткен.

АҚШ Ресейдегі митингкті сынға алды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жексенбі күні шеруге шығып ұсталған жүздеген адамдарға қатысты пікірін айтты. АҚШ-тың Сыртқы саяси істер ведомствосы болған жағдайды демокаратиялық құндылықтардың қорлануы деп бағалады.

«Ресей билігіне шеру барысында ұсталған адамдарды босатуын талап етеміз», - деп хабарлаған мемлекеттік істің жетекшісі Марк Тонер.

Оппозиционер сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияның бастамасында тұрған Алексей Навальныйдың тұтқындалғаны жайында жаңалықты АҚШ үреймен қабылдады.

Дәл осындай мәлімдемені Еуропалық Одақтың сыртқы саясат кеңесі де хабарлады.

«Біз Ресей билігін өзіне жүктелген халықаралық міндеттерді сақтауға шақырамыз, сондай-ақ жемқорлыққа наразылық білдіріп ұсталған бейбіт тұрғындарды босатуын сұраймыз», - делінген Еуропаның сыртқы саяси қызметінің ресми сайтында.

Германия да Ресей билігінің шерушілердің жаппай ұсталуына қатысты сын айтты. Германия билігінің жетекші маманы Штеффен Зайберт Ресейге адамның жеке құқықтарын сыйлауға шақырды. Әр адам Ресей демократиясы үшін аса маңызды екенін де атап өтті.

Өткен митингке қатысты Ресей билігі не дейді?

Мәскеудегі Аймақтық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының жетекшісі Владимир Черниковтың айуынша құқық қорғау органдары нақты және кәсіби түрде жұмыс атқарған. Оның мәліметіне сенсек, акция барысында 600 адам ұсталған, алайда ол нақты цифр емес.

Черников акция барысында кәмелет жасқа толмаған балалардың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, кәмелет жасқа толмағандар өздерін агрессивті түрде ұстады, мәселе сонда.

«Өкінішке орай, ұйымдастырушы топ кейбір адамдарға акцияның нақты мақсатын айтпаған болу керек. Олар білсе, өздерінің тұтқындалатындарын да білулері тиіс еді. Алайда, балалар тұтқындаламыз деп мүлдем ойламаған. Бірақ, олай болмай шықты. Оларға тұзақ құрылғаны анық», - деді Черников.

Митинг уақытында Дмитрий Медведев өзінің немен айналысқанын айтты

Жемқорлыққа қарсы халық шеруге шыққан уақытта Медведев @ispiridonoff есімді инстаграм қолданушысының «Сәлем! Күнің қалай өтті?» деген сұрағына: «Жаман емес, бүгін күні бойы шаңғы тептім» деп жауап берген билік басшысы.

Қамшыгер: Гүлім ЖАҚАН

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір