• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Мамыр, 00:36:38
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2024 NEWS

Үкімет биылғы егіс маусымына қанша қаржы бөлді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов егіс маусымына дайындық барысы туралы айтып, министрлік пен әкімдіктерге тапсырма жүктеді, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казинфорумға сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

«Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет қажетті шараны қабылдады. Бұл мақсатқа 140 млрд теңге бөлінді. Форвардтық сатып алу бағдарламасы да жалғасын табады, биыл оған 40 млрд теңге көзделген. Менің тапсырмам бойынша дизель отынының қосымша көлемі бөлінді», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Одан бөлек, Премьер-Министр тыңайтқыштармен қамту мәселесін көтерді.

«Сонымен бірге, біз фермерлерден агротехнологияларды қатаң сақтау, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану сияқты қарсы міндеттемелердің орындалуын күтеміз. Егіс жұмыстарын жүргізген кезде ауа райының ұзақ мерзімді болжамын назарда ұстау қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірге көктемгі егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы керек», - деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жылу нысандарын жаңғыртуда бюджет тепе-теңдігін сақтау қажеттігін айтқан еді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: егін егу дақылдар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір