• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 13:10:13
Алматы
+35°

02 Ақпан, 2024 Мәдениет

«Ұлттық ойындар» бағдарламасының маңыздылығы басым

Ұлттық ойындар біздің мәдени мұрамыз болып табылады.

Фото: ашық дереккөзден

Мәдени мұра өнер,  әдебиет, руханият десек те бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына ұлттық салт дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды сіңіре білу өте өзекті.   Мәдени мұраны  сақтап, жас ұрпаққа аманат етіп, оларды тәрбие құралы ретінде қолдануымыз керек. Сондықтан ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеудің маңыздылығы басым. Қазіргі жас өскіндердің ойлау қабілетін, өресін дамыту үшін де ұлттық ойындардың ықпалы өте көп.  Виртуалды өмірге тәуелді баланы қоғамға бейімдеп, миын сергітіп, сыртқы ортамен қарым-қатынасын дұрыстау үшін де  ұлттық ойындар қазіргі заман қажеттілігі болып отыр.

Біз қазір ақпараттық даму заманы дегенімізбен, қоғамда цифрлық аутизм тірек қимыл қабілеті жетікіліксіз, дамуы тежелген балалар көрсеткіші артып барады.  Балаға жастайынан смартфон беру,  гаджеттерді күнделікті өмірде жиі пайдаланудың зиян екені қанша мәрте дәлелденсе де, айтылса да бүгінгі жас өскінді, оқушыларды  құрылғыдан ажырата алмаймыз.  Сондықтан бұл проблеманың орнын алмастыратын балаларды түрлі тәсілдермен қызықтыратын амалдардың бірі «Ұлттық ойындар» бағдарламасын жасау.

Мысалы, қазақ халқы ежелден аң аулаумен айналысты. Бұл олардан жүгіру, секіру, өрмелеу дағдыларын талап етті.  Ал балалар бала кезінен асық ойыны, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, күресті меңгерді.  Мұндай ойындарды ерте бастан үйрену оған машықтану адамның физикалық қасиеттерін дамытты. Бұл адамдарды тіршілік үшін күреске баулыды. Ойындардың көмегімен қазақтар үлкендерді құрметтеді үйренді.  Денелерін ойындар арқылы шынықтыра отырып  қоғамға бейімделді.

     Ұлттық ойын садақ ату немесе асық ойыны бастапқыда көшпелі қазақтың  аң аулауы мен егін жинауындағы іс-қимылын тудыратын еліктеу әрекеттері арқылы дамыды. Осыған байланысты ұлттық фольклорлық қорда құстар мен жануарлардың бейнелерімен байланысты көптеген ойындар қалыптасты. Қоғамның дамуына орай, түрлі әрекеттерді эмоционалды түрде жүзеге асыру қажеттілігі туындайтындығы шынайы құбылыс. Ойын мен би ол адамда дене тәрбиесін дамытып, эстетикалық рахаттану көңіл күйін әкеледі. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, қазақ баласы қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынас жасай бастайды. Білім, еңбек дағдыларын игереді, физикалық жағынан дамиды. Қазіргі уақытта оқушылардың қозғалыс белсенділігі төмендегені рас. Міне, осы себепті қазіргі ХХІ ғасырда жүйелі жаттығулардың, физикалық дене белсенділігінің, ұлттық ойындардың рөлі артып келеді. Ойындар кезінде балалар шығармашылық қабілеттерін, белсенділігін, өзіндік идея бастамаларын көрсетеді. Ойын барысында бала іс-әрекетте еркін әрі тәуелсіз түрде, тамаша күйде қуанып, серпілген эмоцияларын көрсетеді. Барлық ұлттық ойындар жан-жақты және көп қырлы тәрбиенің педагогикалық құралын қамтиды.

        Көшпенді тірлікте өмір сүру жағдайы қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қалыптастыруға үлкен әсер етті. Қазақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтау үшін соғыс жүргізуге мәжбүр болды, ал бұл мәселе де ұлттық ойындардың дамуына әсер етті. Қазақтардың ойындарында негізінен ағаштан, жануарлардың сүйектерінен, тастардан, кейінірек металдан жасалған құрылғылар қолданылды. Басқа халықтармен қарым-қатынаста жаңа ойындар мен ойын-сауық пайда болғаны да рас. Көптеген ұлттық ойындар өз мағыналарын сақтап қалды. Ұлттық ойындардың көмегімен жас кезінен бастап балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге мол мүмкіндік бар. Бұл қоғамдағы табиғат пен қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.

       Қазақ халқында дәстүр бойынша ер адамдар жастарды, әсіресе ұл баланы тәрбиелеумен айналысқан. Ойындарда ұлдар садақ ату арқылы аң аулап, яғни тіршіліктің экономикалық қызметін жаңғыртады. Ал қыздар өз ойындарында тұрмыстық және отбасылық - некелік қатынастарды бейнелейді. Көшпелі қазақтардың, малшылардың өмірі олардан жан-жақты физикалық дамуды талап етті. Осыған байланысты қазақтың барлық ұлттық ойындары негізінен өте қуатты. Мұнда ойынға қатысушылар өздерінің күштері мен ептіліктерін көрсетеді. Қазақтардың ойындары балаларды жануарларға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеп, үйрететіні рас. Қазақтар шаруашылығының бір саласы аң аулау болды, онда аңдар мен құстардың қимылдары мен дыбыстарына еліктеу өнері ежелден танымал болды. Жануарлардың әдеттеріне еліктейтін ойындар да бар.

   Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл ұлттық ойын, мысалы, қазақтың ұлттық дене шынықтыру ойындарын алсақ, одан аумақтың, географиялық ортаның, психологиялық құрылымның, экономикалық жағдайдың және ұлттық сипаттың әсерін байқауға болады. Қазақ ұлттық ойындарында қарапайымдылықпен қатар үлкен эмоционалды көңіл күй және өзін-өзі жан-жақты көрсету үшін кеңістігі бар. Ұлттық ойындар дегеніміз бұл әртүрлі тарихи кезеңдерде халық өмірінің көрінісін бейнелейтін спорт түрі. Біз ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық ойындар туралы білімді зерттеп, тереңдетіп, оларды қазіргі дене шынықтыруға енгізуіміз керек. Қазақтың ұлттық ойындарын дұрыс қолдану ұлттық мәдениеттердің жақындасуына және өзара байытылуына әкеледі. Қазақ халқының ойындарында құқықтық нормалар сақталатындығы, балаларды адалдық пен әділдікке, тәртіпке үйрететін терең мағыналығы себеп. Көптеген ойындар тәрбиелік сипатқа ие, адамға төзімділік, өзара көмек, шешімділік, табандылық және т. б. қасиеттерді үйретеді. Ойын барысында балаларды бақылай отырып, біз олардың шешім қабылдау қабілетін бағалай аламыз. Ежелгі заманнан бері қазақ халқы жекпе-жек өнеріне көп көңіл бөлді, оларда жігіттер өздерінің күштері мен психологиялық қасиеттерін көрсетіп, дамыта алды. Қазіргі уақытта ұжымдық ойындар басым. Қазақтар мереке кезінде түрлі ұлттық ойындар өткізеді, мысалы: күрес, ат жарысы, садақ тарту, аударыспақ, теңге ілу және тағы басқалары. Қазіргі уақытта ұлттық ойындар қайта жандануда. Кез-келген халықтың ойындары сол елдің тұрмысы мен еңбегін, өмір салты мен ұлттық құрылымын көрсетті.

 

Алматы облысы  Іле ауданы

Қоянқұс ауылы «№47 орта мектебі» МКМ

Тлек Жетимеков

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ұлттық оындар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір