• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 03:45:04
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептер мен ауруханаларға салынатын әділетсіз айыппұлдар туралы пікір білдірді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Фото: ашық дереккөзден

"Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Оның пікірінше, директорларды мектептің үш ауысымды болғаны немесе құрал-жабдықтары мен зертханалары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу – әділетсіз.

"Өйткені егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсы емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі", - дейді Аймағамбетов.

Ол құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет деп санайды.

Сондай-ақ депутат  дәрігерлерді өз мамандығынан тыс жұмыстарға тартқаны, қажетсіз есептерді талап еткені үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беруді ұсынды.

Айтуынша, депутаттар тиісті түзетулерді берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір