• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 11:33:00
Алматы
+35°

Алматыдағы Ганди саябағында "Әйелдердің лайықты өмірі үшін!" деген атаумен митинг өтті. Митингте сөз алғандар негізінен тұрмыстық жанжалға қатысты істерде тараптардың татуласу мүмкіндігін алып тастау, тұлғаның жеке шекарасын сақтау, әйелдер үшін зейнет жасын 58-ге дейін төмендету, кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерді, көпбалалы аналарды қолдау сияқты тақырыптарды қозғады.

Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева кей феминистер әйел құқығын желеу етіп қоғамды ұлттық тамырдан ажырататын заңдардың қабылдануына мүдделі, олар көпбалалы аналар мен баланың мәселесін емес, бір жыныстылардың мәселесін көтереді деп айыптай сөйледі. Оның пікірінше, мемлекет көпбалалы отбасылардың әр баласына кемі 200 мың – 300 мың теңгеден берсе, ата-ана ауыр жұмысқа жегілмей, үйінде баласына салиқалы тәрбие беріп, ешқандай зорлық-зомбылық болмайтын еді.

Соңғы екі айда Алматы әкімдігіне оннан астам хат жазып, феминистер маршына рұхсат ала алмаған феминистер тобының бірі, Фемодақ қозғалысының жетекшісі Камила Еңсеген бүгінгі іс-шараны сайқымазақтық көрініс деп сипаттап,  тұрмыстық зорлық-зомбылықты мемлекеттен берілетін көмек тоқтата алмайтынын жеткізді.

Митинг осындай іс-шара үшін қала әкіміне алғыс айтып, ән қойып, әнұран шырқаумен аяқталды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz (@qamshy.media)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әйелдер митингі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір