• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 04:52:30
Алматы
+12°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің діни сеніміне қатысты ұстанымын жариялағанын хабарлағаннан кейін белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай Мұхамеджан Тазабекке көптің көкейіндегі күтікті сейілтудің жолдарын ұсынды.

"Жаңа ақидаң құтты болсын, Мұхамеджан бауырым" деп  басталған жазбада Қайрат Жолдыбай енді саләфилікке кетуіне өзі атсалысқан адасқан жандарды тура жолға салу үшін Тазабектің аянбай еңбек етуі керек екенін жазды.

–  Кейбір азаматтар Мұхаммеджан бауырымның жаңа ақидасына қатысты "бұл да көзбояшылық, тақиялық тәсіл" деп күмәнмен қарап жатыр екен. Күмәндары орынды. Осы тұста Мұхаммеджан бауырыма бұл күдікті кетірудің оп-оңай жолын айтайын. Айналаңдағы тығыз қарым-қатынаста жүрген сәлафи ақидасындағы адамдарды өзіңіз жиырма жылға жуық уақыттан кейін дұрыстығына әбден көз жеткізген Мәтуруди ақидасына қайтару үшін тер төгіп, аянбай еңбек етсең, бәрі өз қалпына келеді. Әсіресе, өзіңіздің неліктен мәтурудилікке қайтқаныңызды, сәлафилік ақидадағы өмірлік тарихыңызды айтсаңыз әсерлі болатындығында күмән жоқ. Бұған сіздің шешен тіліңіз де, ақыл-парасат, әдіс-тәсіліңіз де жетеді деп ойлаймын. Солардың бір-бірлеп мәтуруди ақидасына қайтқаны жайлы хабарды естіген сайын қазақ қоғамы қуанышқа бөленіп, өзіңе көл-көсір алғысын жаудырар еді. Оның үстіне кезінде саләфилікке кетуіне өзіңіз ат салысқан адасқан жандарды тура жолға салу үшін аянбай еңбек етуің ең әуелі бұл діни де, адами да парызың.

"Таухидті ұстанамыз дейтін сәләфи жолындағы жігіттердің айтып жүргені таза секта" деп өзіңіз баға берген шатасқан ағайындарды жинап немесе бір-бірлеп арнайы ұмраға, қажылыққа апарайық. Қайрат Құрманбай, Ерсін Әміре, Еркінбек Шоқай, Бауыржан Әлиұлы сынды білімді азаматтарды бірге апарып, адасқандардың ақидасын өзгертейік. Осылай жасасаңыз ғана сөз бен іс үйлеседі де, қоғамда ешбір күмәнға орын қалмайды. Жұрт не десе де, шынайылық түбінде жеңіске жетеді.

Бұл ұсынысымды есіңізде болса, 2013 жылы Әзірет Сұлтан мешітіне келіп, "Қайреке, елге бірге қызмет жасайық" деген кезіңізде өзіңізге "шарт" ретінде де айтқан болатынмын., – деді дінтанушы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір