• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 04:57:32
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2020 Айтты-ей, бауырың!

Facebook.com

Дулат Ағаділдің өліміне полиция да, ҰҚК де кінәлі емес. 30 жылда қалыптасқан жүйе кінәлі. Біз құқықтық мемлекет емес, ҰҚК, Полиция билігін құрдық. Күштік құрылымдар мемлекеттің, Қазақстан азаматтарының бас-амандығынан көрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерін ғана қорғайтын жендеттерге айналып отыр. Құқық салтанат құрған демократиялық ел болғанымызда азаматтық пікірін білдіріп, қарсы шыққаны үшін тып-тыныш үйінде жатқан адамның шаңырағына баса-көктеп кіріп, бейнебір қандықол қарақшыны немесе зиянкес террористі ұстағандай қолын қайырып, кісен салып түн ортасы қақаған аязда күштеп айдап әкете алар ма еді? Басқа өркениетті елде адам өлімін былай қойғанда, осылай қарақшылық жолмен алып кеткендіктері үшін кем дегенде ішкі істер министрі отставкаға кетер еді.


Саяси, құқықтық реформаны талап еткен қоғамдық кеңес мүшелерінің соңғы жағдайларға көпшілігі үнсіз. Ал атағынан ат үркетін мүйізі қарағайдай ақын, жазушылар, жұлдыз әншілер мұндайда көрінбейді. Ал жүз мыңдап айлық алып отырған депутаттардан онсыз да қайыр жоқ.


Құқықтық мемлекетке айналмай бұл осылай жалғаса береді. Комиссия құрылар, ары кетсе бірнеше бұйрықты орындаған жендет кінәлі деп табылар. Бұдан не өзгереді?! Бірақ реактив мемлекетте солай!

Қайрат Жолдыбайұлы

 

Ескерту: Автордың көзқарасы редакция ұстанымын білдірмейді!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір