18 Қазан, 2019 NEWS
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк Аймұрзиева өз еркімен отставкаға кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл ақпаратты облыс әкімдігі растап отыр.
– Барлық кінәлілер жауапқа тартылады. Облыс әкімінің денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары қатаң сөгіс алды, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірқатар жанжалдан кейін Аймұрзиеваны бөлім бастығы қызметінен босатуды ұсынған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір